Авторские архивы: ulttyqsport

Адай жылқысы халықаралық ат бәйгесінде топ жарды

2015 жылғы 24-26 шілде күндері Ресей Федерациясы Рязань облысы Спасск-Рязанский қаласында халықаралық ат бәйгесі өтті. Оған Ресей, Германия, Қазақстан, Финляндия мемлекеттерінен түрлі текті тұқымды аттар қосылған. Алыс қашықтыққа шабатын ат бәйгесіне Қазақстан Республикасы атынан маңғыстаулық бес Адай жылқысы қатысып, бәрі ...

Читать далее »

Аламан бәйге! Алты алашқа сауын айтылды

Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  өтетін Қазақ хандығының 550  жылдығына арналған аламан бәйге «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирі жайлы баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚР Ұлттық ...

Читать далее »

Атақты шабандоз — Ерғали Сүлеев

Тақымы тастай, білегі құрыш, жігері қылыш, аты аңызға айналған атақты шабандоз Ерғали Сүлеевке оңтүстіктің үлкенді-кішілі көкпаршылары бір ауыздан «Ғасыр шабандозы» деп баға берген екен. Ерғали Пердебекұлы 1965 жылы Шардара ауылында туған. Әкесі Пердебек те аты шығындаған шабандоз болған. Әнтек осы ...

Читать далее »

Құсбегілердің бүркітті қолға түсіру тәсілдері

Қазақ бүркітті құстың төресі деп әспеттеген. Оны қолға түсірудің сан қилы айла-тәсілдерін білген. Атап айтқанда: киіз үйдің керегесіне салмағы жеңіл адамды таңып-байлап, оған арқан тағып биік құзда орналасқан бүркіттің ұясына төбеден салбыратып түсіру арқылы балапанын алу, тор құру арқылы түз ...

Читать далее »

Күрес: Астанада Президент кубогы сарапқа салынады

Ертең елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен ҚР Президенті кубогы жолындағы жарыс басталады. Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнир биыл үш күнге созылмақ. Бұған дейін Президент кубогы жолындағы бәсеке тек грек-рим күресі шеберлері арасында сарапқа салынып келген. Ал биыл ұйымдастырушылар ...

Читать далее »

Бейбіт ЫСТЫБАЕВ: Қасиетті Ораза айында осындай мол нығметке кенелткен бір Аллаға шүкір еттім

Айбарлы Астана күні қарсаңында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі V рет ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға ұлы даланың 33 ұланы қатысып, бозкілемнің шаңын қақты. Кіл апайтөс, атан жілік, бура сан балуандарды қапыда қалдырған «Тараз арланы» Бейбіт Ыстыбаев ...

Читать далее »

С.Жеңісбек асау үйретуден ел біріншілігінің чемпионы атанды

Моңғолия Прьемер-министрі қолдауымен ұйымдастырылған  “Адуучин 2015” сайысына еліміздің түпкір түпкірінен таңдаулы жылқышылар қамшы ілу, жаяу және атпен шалма салу, құрықтаудан және асау үйретуден бақтарын сынады. Ат құлағында ойнайтын азаматтар қатысқан сайыс тартысты өтті. Аталмыш сайысқа Баян-Өлгий аймағының атағы мен абыройын қорғауға аттанған Сагсай ...

Читать далее »

Жамбыл ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті

18 шілдеде сағат  Алматы облысы, Жамбыл ауданы «Көкбастау» ипподромында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті.   Көрерменнің делебесін қоздыратын айтулы шараға алыс-жақын шетелден де бәйгі аттарының келуі доданың дуын қыздырды. Бәйгелі болған ...

Читать далее »