Мақалалар

ЖАПОНДАР КӨРСЕТКЕН ҮЛГІ

            Сөзімізді «Осы жазда жапондық «Ябусамэ» мергендері үйреткен үлгіні біздің бапкерлер байқай алды ма?» деп бастасақ, ұлттық спорттан Қазақстан құрама командасының бапкері болып жүрген азаматтар  «Жапондар бізді үйрету үшін емес, өздерінің ұлттық садақ ату өнерін ...

Читать далее »

САУЫҚТЫРУҒА «АЛТЫН ТҰЛПАР» СЕБЕП БОЛУДА

Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулықтарын атқа мінгізу арқылы оңалтуды мақсат еткен «Алтын тұлпар» атты қайырымдылық жобасы еліміздің бірнеше өңірінде өз жұмысын бастағанын оқырманға бірер ай ілгеріде хабарлаған болатынбыз. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен «SAMRUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік  жобаларды дамыту қоры ...

Читать далее »

ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫНЫҢ ҚАДІРІНЕ ҚАШАН ЖЕТЕМІЗ?

             150 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастыру жөнінде ҚР Парламент мәжілісі депутаттарының ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына депутаттық сауал жолдағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Бүгін еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» жоғарыдағыдай тақырыппен ...

Читать далее »

ШЕҢБЕРДІ  «ОТАУ» ДЕГЕН ДҰРЫС СИЯҚТЫ

  Көкпар ережесі уақыт озған сайын түрлі өзгерістер арқылы толықтырылып, жетілдіру үстінде. Ережеге өткен жылы да үлкен өзгеріс енгізілді. Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының 2016 жылы ұйымдастырған халықаралық семинар-кеңесінде көкпар командалары бар Венгрия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қытай, ...

Читать далее »

ҚАЙ ҰЛТ СЕРКЕНІ ТАҚЫМҒА ҚАЛАЙ БАСҚАН?

  …Көкпар Түркі халықтарына ортақ ойын дедік. Оған дау жоқ. Кезінде тәжік, ауған, өзбек, қырғыз, қазақтың көкпарқұмарлығына талай жұрт таңдай қақты. Бірақ, көкпар осынша ұлтқа ортақ ойын болғанымен, бұл ойынның әр халық өзінше қалыптастырған жазылмаған заңы, өзіндік ережесі бар. Көкпардың ...

Читать далее »

ТҮЙЕ БАЛУАН – БІРЖАН!

  Бүгін аударыспақтан халықаралық турнирдің абсолютті салмақтағы бәсекесі аяқталды. Сегіз мемлекеттің  арасынан Қазақстанның мерейі үстем болды. Ел мерейін үстем еткен Біржан балуан. Түйе балуандар жекпе-жегінде бас жүлдені, алтын белбеуді Біржан Қосалиев жеңіп алды. Суретте: (солдан оңға қарай) ҚР Парламенті мәжілісінің ...

Читать далее »

АМЕРИКА АУДАРЫСПАҚШЫЛАРЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

  Суретте: 80 келі салмақта сынға түсетін Крид Гарник есімді атақты америкалық аударыспақшы осы.  Аударыспақтан ашық халықаралық турнир мен Көкпардан І Әлем  чемпионатына қатысу үшін АҚШ-тан көкпар мен аударыспақ құрама командаларының кеше Астанаға келіп жеткенін хабарлаған болатынбыз. Америкалық ковбойлар қазір ...

Читать далее »

ШЕТЕЛДЕГІ ШИРЕК ҒАСЫР БҰРЫНҒЫ АУДАРЫСПАҚ

  17 тамызда басталатын Аударыспақтан халықаралық ашық турнирде 9 мемлекеттің балуандары бақ сынайды. Қазіргі кезде 6 мемлекеттің командасы Астанаға келіп жетті. Кеше америкалық аударыспақшылардың келгенін хабарлағанбыз. Бүгін Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан және Мажарстан балуандары Елорда топырағына табан тигізді. Осы орайда, ...

Читать далее »

АУДАРЫСПАҚТЫҢ  МАЙДАНЫ

17-18 тамызда басталатын Аударыспақтан халықаралық ашық турнирге келетін шетелдік спортшылар туралы дерек-мәліметтер ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының хат-қоржынына  аз да болса жинақтала бастады. Оқырмандарымыз жүзтаныс бола берсін деген ниетпен сол мәліметтерді қазірден назарға ұсына беруді  жөн көрдік. Сонымен бірге, аударыспақтың ...

Читать далее »

РУМЫН, ФИН ЖӘНЕ МАЖАР МЕРГЕНДЕРІ

  «Алтын жебе» халықаралық турниріне қатысатын Румын, Фин және Мажарстан мергендерімен таныс болыңыздар. Ат үстінен садақ атуда талай сайыста жеңімпаз атанған сұрмергендердің атақ-даңқы осындай.          Немети Кристоф Арпад – Мажарстандағы әйгілі мергендердің бірі. Ұлттық садақ атумен жастайынан ...

Читать далее »