Көкпар – түркі халықтарына ортақ ойын

Қазақ халқы «Наурыз» мерекесін бір ай бойы тойлауды әдетке айналдырмақ Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бүгін «Наурыз» мейрамының жалғасы ретінде қала сыртында көкпар ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар киіз үй тігіп, Наурыз көже де пісірген. Жуырда құрамына 10 мемлекет кіретін Көкпар халықаралық федерациясы құрылып, оған қазақ елі жетекшілік ететін болды. Оның басшылығы Астана қаласында болады. Жүлде қоры 1 млн АҚШ доллар болатын Азияның ашық чемпионатын ұйымдастырмақ.

Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті:

— Ауғандар, түріктер де қолдап отыр, қырғыз ағайын да қарсы емес. Тамырын бастық, өзімізде бар аргументтерді келтірдік. Көкпар – бүкіл түркі халықтарына ортақ ойын. Оның дамуы, гүлденуі қазақ даласында екені ешкімге жасырын емес.

10 мемлекет Көкпар ойынын қазақ еліне тиесілі екендігін мойындады. Бұған дейін осы тектес федерация Қырғызстанда болған еді. Төл ойынның қалпын бұзбас үшін енді жалпыға бірдей ереже бекітіледі. Халықаралық дәрежеге ие болған көкпар ойынында шабандоздардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілген. Тіпті, адам емес жануарлардың да жарақат алмау жағы қарасытырылған.

Рамазан СӘТТІБАЙ, Көкпарадан мемлекеттік жаттықтырушы:

— Көкпарға тіл тигізуге де болмайды. Анайы, жабайы деп айтуға болмайды. Көкпар қазақтың кең даласында шексіз, шетсіз, жігіттің жігіті, аттың аты көрінетін спорт түрі.

Аттың жалында ойнап өскен қазақ үшін Көкпардың орны ерекше. Соңғы уақытта мемлекет тарапынан қолдау артып келеді.

Нұрдаулет МАМЫНОВ, шабандоз:

— Көкпар өте жоғары деңгейге көтерілді. Себебі көрермен көбейіп жатыр. Көкпарға деген қызығушылық артып келеді. Қауымдастығымыз да жүлде қорын көбейтуде.

Ұлттық ойын түрлері қауымдастығы үлкен ауыл құрып, наурыз тойын атап өтті. Өткенді қорытындылап, алдағы жылға жоспарлармен бөлісті. Спорт додаларынан бөлек, қыз бен жігіт айтысы, алтыбақан, тазы ит, бүркітшілер мереке көркін аша түскен.

Авторлар: Мәншүк Мақсұтқызы, Тимур Бошаев

24 KZ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*