БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

images2013 жылдың 4-9 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған Көкпардан халықаралық турнир өтеді.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істеру агенттігі, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Өтетін орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Б. Момышұлы атындағы атшабар орталығы.

5 мамыр сағат 11.00-де Б. Момышұлы атындағы атшабар орталығында баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Бірінші вице-президенті Б. Тілеухан, ҚР Жамбыл облысы әкімдігінің спорт және туризм басқармасының бастығы Г. Қайнарбеков, «Әулие ата» көкпар клубының директоры Н. Момынов, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының вице-президенті Д. Абдыхамитов, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Атқарушы директоры Е. Оспанов, ҚР «Көкпар» құрама командасының бас бапкері Қ. Құрамаев қатысады.

Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы көкпар ойынын дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру, халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастарымыздың қызығушылығын ояту мақсатында үлкен іс-шаралар атқарып келеді. Осы орайда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған көкпардан халықаралық турнир ұйымдастырылып отыр. Жарысқа Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысынан 2 команда қатысып, өзараға додаға түседі.

9 мамыр күні ақтық кездесу ойындары өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапатталады.

Момынов Нәби Рүстемұлы 1946 жылы 4 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаратау бөлімшесінде туған. 1970 жылы Жамбыл технологиялық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жамбыл облысында көкпар ойының негізін құрушы, «Әулие-Ата» ат спорты клубының» іргетасын қалаушы.

ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының

Баспасөз қызметі

Байланыс телефондары: 8 717 2 42-15-10

8 701 227 47 85

8 707 555 81 82

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.