БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

SONY DSCҚараша айының 28-30 аралығында Қазақстан тарихында тұңғыш рет Халықаралық «Бүркітшілер» фестивалі ұйымдастырылады. Осы сайысқа Қытай, Моңғолия, Еуропа елдерінің құсбегілері қатысады деп жоспарланып отыр. Барлығы, 60- тан астам құс иесі шеберліктерін байқататын болады. Қазақстан құрамасыда құр алақан емес. Еліміздің барлық аймағының таңдаулы саятшылары сарқыттай сақталған ұлттық өнерімізді төрге оздырмақ. Ойын ережесіне сәйкес, 28 қараша күні мандат комиссиясының отырысы өтеді. 29- қараша күні, сағат 10:00- де, «Rixos President Astana қонақ үйінде» «Құсбегілік өнердің әлемдік интеграциядағы алатын рөлі» атты тақырыпта ғылыми тәжірибелік кеңесі өтеді. Осы жиналыста, шетелдік және еліміздің ғалымдарының тың баяндамалары халыққа таныстырылмақ. Бұдан бөлек, Қазақстандық бүркітшілердің қол өнер бұйымдары көрмеге қойылады.

Ал, дәл осы уақытта бүркітшілер сайысының алғашқы бәсекелері басталып кетеді. Аңшы құстардың сыны, қолға шақыру, шырғаға салу ойын ережесіне сәйкес жүргізіледі. 30 қараша 12:00 Бүркітшілер шеруі жеңімпаздарды марапаттау ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, ҚР спорт дене шынықтыру істері агенттігі, Нұр-Отан партиясы.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Жарыстың өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылдық округы «Бал Қарағай» демалыс орны.

Жарыстың өтетін күндері: 28-30 қараша

Байланыс телефоны: 8 701 215 06 77

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.