Бүркітшілердің халықаралық І-ші фестивалі

4T6A7260 Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін бүркітшілердің І-ші Халықаралық фестивалі 28-30 қараша күндері аралығында Елордамызда өз байрағын көтерді.

Фестиваль аясында қырандар сайысы болды. Жарысқа 9 елден 43 бүркіт қатысты. Қазақстаннан 24 бүркіт, Монголядан 10 бүркіт, Қырғызстаннан 4 бүркіт, Еуропаның  Испания, Венгрия, Словакия,  Чехия елдерінен  бір бүркіттен әкелінді.  Азияның алпауыт Қытайдан 10 бүркіт келу жоспарланғанымен түрлі себептерге байланысты бүркіттері шекарадан өткізілмей, құсбегілер өздері келіп қатысты.

_R8A7139 Ережеге сәйкес, бүркітшілер жарыстың алғашқы 29 қараша күні бүркіттің сыны, қолға шақыру, еркін ұшу, бүркітті қоянға салу жаттығуларын орындады. Жарыс барысында ережені мұқият орындап көп ұпай жинаған  бүркіттер келесі турға жолдама алды. 30 қараша күні екінші тур бүркітті түлкіге салумен басталды. Бұл жаттығуды ойдағыдай орындаған жеңімпаздар келесі ақтық сынға өтті. Бұнда бүркітті қасқырға салу арқылы жеңімпаз анықталады деп көзделді. Ақтық жарыста қасқырды алған бүркіттердің арасынан жеңімпаз бен жүлдегер бүркіттаңдалуы керек еді, алайда көкжалды көргенде көк патшайымы тайқып шықты. Құсбегілік сайысының ережесіне сай қасқырға ешбір бүркіт түспегендікьен бас бәйгеге тігілген 5000 АҚШ доллорын ешкім қанжығасына байланбады. Алайда бірінші орынды Атыраулық Арман Қошқаров иеленсе екінші орынды Астаналық Күнтуған Тоқтарбай місе тұтты. Ал алыстан ат терлетіп келген қандастарымыз Моңғолиялық Ырысұлы Нұрғайып пен Жарық Сайлау бөлістті.4T6A7509 копия

 Бұл сайыстың ең бір ерекшелігі алғашқы үштікке кірген төрт құсбегінің төртеуі де 2000 доллордан бәйге алды. Яғни, ешкімнен ешкім артық емес, құс бабы тең деген тұжырымға келісті, қыран баптаған қырағылар. Ал жалпы құсбегілік сайысына ақиықтарын алып келген 43 құсбегінің әрқайсысына 20 мың теңгеден сыйақы берілді.

ҰСТҚ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*