Құсбегі Арман

_R8A7329Астанада өткен Бүркітшілердің халықаралық 1-ші фестивалінде бірінші орын алған «Нарын» атты қыранның иесі Арман Қошқаров саят сүйер қауымға ертеден-ақ таныс болса керек. Атыраудың ақиығын қолына қондырған Арман 6-сыныптан бастап құсбегіліктің қыр-сырына қаныға бастаған. Әкесі Қазақ еліне танымал құсбегі Әбдікәрім Қошқаровтың тәрбиесін көрген алғыр ұл Халықаралық, Республикалық, облыстық т.б. сайыстардың жеңімпазы болған қырандарды баптап жүр. Атап айтар болсақ:

Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай Көкшетауда өткен Республикалық бүркітшілер сайысында І орын (қыраны Нарын, 2006),

Қостанай қаласында өткен  Республикалық «Салбурын – 2007» бәсекесінде ІІ орын (қыраны Каспий, 2007),

Алматы облысы Нұра ауылында өткен «Салбурын – 2007» фестивалінде «Үздік бүркітші» (қыраны Нарын, 2007) атағын иеленді.

Атырауда ұйымдастырылған «Салбурын – 2008» сайысында І орын (қырандары Нарын, Ақжайық 2008) алса, 2010 жылы Астана қаласында өткен ҚР Ұлттық спортының үздігі байқауында «Үздік бүркітші» номинациясының жеңімпазы (қыраны Нарын, 2010) 2011 жылы 10-25 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде өткен Дүниежүзі құсбегілер фестивалінің қатысушысы.

Ұяда нені көрсе ұшқанда соны алады дегендей атадан мирас болып келе жатқан құсбегілік өнерінің жібін үзбей жалғастырып жүрген Арман Әбдікәрімұлының жеңісімен құттықтаймыз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*