Қарт құсбегі Күнтуған

_R8A7408ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Бүркітшілердің халықаралық 1-ші фестивалінде екінші орынды жеңіп алған қанды шеңгел құмай көз «Ақбалақ» атты қыранның иесі Кунтуған Тоқтыбайұлы. ҚР Спорт шебері, саятшылықтан Қазақстан Республикасының чемпионы атанған Күнтуған ақсақал жасы 60-тан асса да, ит жүгіртіп құс салып, бабадан қалған киелі өнерді жанына серік етіп келеді.
Саятшылық, құсбегіліктен өткен «Сонар» «Салбурын» сияқты, халықаралық, Республикалық, облыстық даталы турнирлерінің неше дүркін жеңімпазы. Күміс және қола медаль иегері. Сонымен қатар, Күнтуған қария жас саятшы, құсбегілерді тәрбиелеу, оларды үйрету, құсбегілік жайында алғашқы мағлұмат берудегі оқу әдістемелік құрал «Бүркіт» атты кітаптың авторы. Көненің көзін көрген ақылшы әрі ардагер құсбегі.
Құсбегілікпен айналысқанына 45 жыл толған ардагер бүркітші халықаралық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл фестивальдің болашақ ұрпаққа берері ұшан теңіз дейді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*