Елордадағы фестиваль

_R8A7219Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық құндылықтарымыздың қатары толып, кетігі бүтінделіп келеді. Бұл Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында атап көрсеткендей еліміз мәдени-рухани жетістіктерге жету жолдары мен бұқаралық спортпен мемлекет тұрғындарының 30 пайызы айналысуы керек деген нақты тапсырмасының жемісі. Президент Жолдауын қолдау мақсатында осыған дейін ұйымдастырылған «Қазақстан барысы», «Көкпардан 1-ші ашық Азия чемпионаты», т.б. халықаралық деңгейде аталып өтіп жатқан ұлттық құндылықтарымыз қаншама.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен «Нұр Отан» ХДП ұйытқы болып өткізген бұл жолғы «Бүркітшілердің 1-ші халықаралық фестивалі» жоғардағы аталған мұраларымыздың заңды жалғасы іспетті.

Қауымдастық тізгінін ұстаған елжанды азаматтарымыздың жанашырлығы арқасында жүзеге асып жатқан сайысқа әлемнің 9 мемлекеті қатыты. Азиядан – Қытай, Моңғолия, Қырғызыстан бастатқан төрт ел қанды балақ, құмай көз, кереге қанаттардың томағасын тартса, Кәрі құрлықтан – Испания, Венгрия, Чехия сынды мемлекет аспан еркесін қолына қондырып келді. Бұған Еуразия көшін бастаған – Қазақстан мен Ресейді қосыңыз.

Айналасы тоғыз Республикадан 43 бүркітші қырандарымен келді. Осыған дейін өзге мемлекеттерде ұйымдастырылған құсбегілер сайыстарында топ жарып жүрген Моңғолиялық; Бошай Далайхан, Шошан Жекен, Бүркітхан Қайзым, Жаңқабай Дәлелхан, Мана Әлбиек бастаған 10, Қытайлық; Нұрмұхамет Былал, Бердібек Бейсенбай, Нұрқазым Қаламан, Шенлі Құсман бастаған 13 құсбегі, Қырғызстандық; Акунов Алмас, Сулайманбеков Айтбек, Шайбыров Талғарбек, Абдыхадыров Туголдер келсе, еліміздің түкпір-түкпірінен 20-дан астам бүркітші-саяткерлер қатысты

Сайыс барысын әлемдік деңгейде насихаттау үшін Жапониядан Mishmura Mikiya, Австралиядан Peters Francisпен қатар және де басқа елдерден БАҚ өкілдері келді.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған тұңғыш құсбегілер сайысы бұқараны қазақтың ұлттық ойындарына жататын осы өнер түрімен ұдайы айналысуға тарту; Сондай-ақ, халық арасында осы спорт түрінің салауатты өмір салты принцптерін дәріптеу құралы ретінде кең насихаттау, әрі жандандыру; Спортшылардың шеберлігін арттыру; өмірлік маңызы бар қолданбалы дағдылар мен жасөспірімдердің батылдық, ептілік секілді жеке қасиеттерін жетілдіру мақсатында фестиваль аясында «Құсбегілік өнерінің әлемдік интеграциядағы рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік кеңес өтті.

Кеңеске қатысушылар күн тәртібінде мынадай мәселелерді талқылады:

Тарихы тереңнен басталатын төл өнеріміздің тек Қазақ ұлтына ғана тән ұлттық құндылық екендігін дәріптеу;

Саятшылық өнерінің халқаралық деңгейде насихатталуына мән беру. Сол арқылы қоғамда ұлттық мүддемізді қалыптастыру;

Құсбегілікпен айналысқысы келетін жастарға құс баптаудың қыр-сырын үйрету, сол арқылы тарихи өнерімізді заманауи тұрғыда таныта білу.

Халықаралық «Құсбегілер» сайысын ұйымдастыру арқылы әлемдегі бүркітшілер мен еліміз көлемінде саятшылықтың дәріптелуіне жергілікті органдардың көңілін аудару;

Осы сайысты дәстүрлі түрде өткізіп отыруға шешім шығару және тарихын зерделеу сынды мәселелерді күн тәртібіне қойып, өз ойларын ортаға салды.

4T6A7071[15-29-51]Кеңеске қатысқан әлемге танымал құсбегілер, Қазақтың саятшылық өнерінің тарихын, бүгіні мен болашағын зерделеп жүрген Этнограф-журналист, «Қыран» қорының атқарушы директоры, «Жалайыр Шора» мектебінің директоры – Бағдат Мүптекеқызы, Жазушы-этнограф, Қытай Халық Республикасы ЖО мүшесі – Нұрила Қазыханқызы, Халықаралық Шыңғыс хан акедемисының Президенті – Пурав-Ойдовын Даваниям, Чехиядағы Халықаралық Құсбегілер Қоғамының меңгерушісі —  Богомил Страка, т.б. сынды танымал ғалымдар мен тарихшылар қазақ құсбегілігінің бүгіні мен болашағы жайлы ой қозғады. Сондай-ақ, ғылыми-кеңес негізінде құсбегілер мен ғалымдар «Құсбегілік» өнерді дамыту жайында үндеу қабыдады.

Фестивальдің алғашқы күні Астана қаласы жанындағы «Балқарағай» демалыс орнында «Бүркітшілердің халықаралық 1-ші фестивалінің» алғашқы кезеңі басталып кетті. Фестиваль қызығына кіріспес бұрын сайыс ережесінен сәл хабардар етейік.

«Бүркітшілердің 1-ші халықаралық фестивалі» аясында қырандар мынадай өнерлерін ортаға салды;

-Құсбегінің киім үлгісі;

-Құсбегі мен құс арасындағы қатынас;

-Бүркітті қоянға салу;

-Бүркітті түлкіге салу;

-Бүркітті қасқырға салу;

Осы сайыстар барысында озып шыққан бүркітші қанжығасына 5000 АҚШ доллорын байланады делінген сайыс ережесінде.

Жарыс барысында ережені мұқият орындап көп ұпай жинаған  бүркіттер келесі турға жолдама алды. 30 қараша күні екінші тур бүркітті түлкіге салумен басталды. Бұл жаттығуды ойдағыдай орындаған жеңімпаздар келесі ақтық сынға өтті. Бұнда бүркітті қасқырға салу арқылы жеңімпаз анықталады деп көзделді. Ақтық жарыста қасқырды алған бүркіттердің арасынан жеңімпаз бен жүлдегер бүркіт таңдалуы керек еді, алайда көкжалды көргенде көк патшайымы тайқып шықты. Құсбегілік сайысының ережесіне сай қасқырға ешбір бүркіт түспегендіктен бас бәйгеге тігілген 5000 АҚШ доллорын ешкім қанжығасына байланбады. Алайда бірінші орынды Атыраулық Арман Қошқаров иеленсе екінші орынды Астаналық Күнтуған Тоқтарбай місе тұтты. Ал алыстан ат терлетіп келген қандастарымыз Моңғолиялық Ырысұлы Нұрғайып пен Жарық Сайлау бөлісті.

1R8A7278 (21-26-24-18) kопироватьБұл сайыстың ең бір ерекшелігі алғашқы үштікке кірген төрт құсбегінің төртеуі де 2000 доллордан бәйге алды. Яғни, ешкімнен ешкім артық емес, құс бабы тең деген тұжырымға келісті, қыран баптаған қырағылар. Ал жалпы құсбегілік сайысына ақиықтарын алып келген 43 құсбегінің әрқайсысына 20 мың теңгеден сыйақы берілді.

Халықаралық біріншіліктің өтуіне қолдау көрсетіп, Ұлттық спорт түрлерінің қызметін жеңілдетіп отырған «Самұрық қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі мен «Қансонар» Республикалық Қауымдастығы.

Сонымен қатар, фестиваль аясында қазақтың құсбегілік өнерінің насихатталуы жайлы құсбегілік әбзелдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл Ұлы даланың төсін жайлаған ұлағатты елдің ұрпағына тапсырар тағы бір ұлы ісі болды.

 

 

ҰСТҚ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*