Моңғолиялық құсбегілердің алғысы шексіз

Осыдан 13 жыл бұрын Монғолия құсбегілерінің басы қосылып, «Бүркіт тойы» деген атпен жарыс ұйымдастырысымен-ақ жыл сайын қызығушылық артып, жалғасын тауып келеді. Бүгінде Монғолияда 400-ден астам қазақ бүркітшілері бар. Олар әлем ғаламторынан түспейтін ең қызықты тақырыпқа айналды.

Бұл мерекені әлем елдерінен туристер арнайы барып көру үшін бір жыл бұрын тілек білдіретін болды. Баян-Өлгейліктер мұнымен шектелмеді. Баян-Өлгейден туып шыққан танымал саясаткер, елші Сайран Қадырұлы Баян-Өлгейдегі бүркітшілерді бүркітімен бірге Монғолия астанасы – Ұланбатыр қаласына жеткізіп, сондағы қала жұртшылығына қазақтың құсбегілік өнерін паш етсе, бұл істі туризм компаниялары іліп әкетіп жалғасын табуда. Сонымен қатар, Сайран Қадырұлы Баян-Өлгейлік бүркітшілерді Сауд Арабиясына апарып, Араб шейхтеріне қазақтың құсбегілік өнерін көрсетті.

Бұл Монғолияда тұратын қандастарымыздың құсбегілік өнерді ерекше дамытып, ауыл ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде насыихаттап жүргендігінің белгісі. Монғолияда дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін Республикалық «Бүркітшілер тойы» биыл 14-ші рет тойланды.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген Бүркітшілердің халықаралық 1-ші фестиваліне Монғолиядан ат терлетіп келген ағайын атажұрттағы ұлттық өнерге жанашыр болып жүрген ел азаматтарына ризашылықтарын білдірді. Бұл сайыс бұдан былай дәстүрлі түрде жалғасын тапса, иісі қазаққа ерекше рухани күш сыйлайтыны анық – деcті, Монғолиядан келген құсбегілер.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.