Жиын өтті

Биыл Ұлттық спорт үшін табысты жылдардың бірі болды. Оны оқырмандарымыз айтпасақ та біліп отырғаны анық. Бұл — Ұлтқа шын жанашыр азаматтар тізгінін ұстаған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының аянбай тер төгуінің нәтижесі екені баршаға аян.
Осыған орай, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы 25 желтоқсан күні жылдық қорытынды жасауды жоспарлап отыр. Бүгін Қауымдастықта осы мәселе бойынша жиналыс өтті. Күн тәртібінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қорытынды жиналысы өткізіліп, жыл үздіктерін анықтап, марапаттау жайы сөз болды. Сонымен қатар алдағы 2014 жылы қауымдастықтың атқарар қызметі де 25 желтоқсан күні анықталатын болды. Бұл туралы жиын барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-Президенті Бекболат Тілеухан хабарлады. Бейбітшілік және келісім сарайында өткізіледі деп жоспарланған қорытынды жиында елімізге танымал ұлттық спорт түрлерінің ардагерлері мен ұлттық спортқа қамқор болып жүрген тұлғалар қауымдастықтың арнайы төсбелгісімен марапатталатын болады.

ҰСТҚ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*