Мүшәйра, мүшәйра, мүшәйра…

Қазақтың кез-келген ұлттық ойынын алсаңыз да бүгінгі тілмен айтқандай «денешынықтыру» сабағынан бірде кем емес. Көшпелі өмірге бейім, әрбір ойыны өмірге деген құлшынысты арттыру, салауатты өмір салтын сақтау, ерлік пен рухқа шақырып тұратын Қазақтың ұлттық спорт түрлері бүгінгі таңда дамып, өзі жеке бір Қауымдастық болып отыр.
Осы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұлттық спортымызды насихаттап, дамуына ат салысып, ән боп шырқалып, өлең боп өрілуіне үлес қосып жүрген жандарды қолдауды да ұмыт қалдырмауда.
Осыған орай ұлттық спорт жайлы жыр жазып, қалам тербеп жүрген жазба ақындардың еңбегін жоғары бағалаған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанынан 25-желтоқсан аралығында «Ұлт дәстүрі – Ұлттық спорт» деп аталатын жазба ақындар сайысын ұйымдастырмақ. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Мүшайра жеңімпаздары Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жыл қортындысында анықталып, марапатталатын болады.
Мүшайраға қатысу шарттары:
Ақынның жасы шектеусіз.
Бір ақын бір ғана өлең жібере алады.
Өлең жоғарда аталған тақырыпқа сай болуы шарт.
Өлеңдер 23 желтоқсанға дейін қабылданады.
Қабылданған өлеңдерді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы тағайындаған арнайы төрешілер сараптап, жеңімпазды анықтайды.
Өлеңдер http://ulttyqsport.kz/ сайтында жарияланатын болады.
Жеңімпаз болған бір ақын планшетпен және Ұлттық спорт түрлерінің арнайы алғыс хатымен марапатталады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*