Баспасөз хабарламасы

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында «Алтын тұғыр» номинациясын жыл үздіктеріне тапсыруды жоспарлап отыр.
«Алтын тұғыр» ұлттық спорт түрлері бойынша үздік қырынан танылған спортшыларға, жаттықтырушыларға және журналистер мен қоғамның белсенді мүшелеріне беріледі.
Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының арнайы «Елімжан» төсбелгісінің иелері де осы кеште анықталатын болады. Ұлттық спорттың үздіктері мен Ұлттық спортқа жанашырлық танытып, қолдап қуаттап, насихаттап жүрген жандардың кім екенін осы кеште білетін боласыздар. Қазақ халқының ұлттық спортының бұқаралық спорт деңгейіне жетіп, Елбасымыз айтқан ел халқының 30 пайызы айналысатындай деңгейге жетуіне бірлесіп ат салысайық.
Құрметті оқырман, өздеріңізге тағы бір жағымды жаңалық, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтетін іс-шарада эстрада жұлдыздары да қатысып, әсем әуендерін арнамақ. Жыл үздіктеріне арналып өткізілетін бұл думанды кешке келем деушілерге есік ашық.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, ҚР спорт дене шынықтыру істері агенттігі, Нұр-Отан партиясы.
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.
Өтетін орны: Астана қаласы «Бейбітшілік және келісім сарайы» Тәуелсіздік даңғылы 7,
Өтетін күні: 26 желтоқсан, сағат 19:00

Байланыс телефоны: 8 701 215 06 77, 42-15-10

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.