Тоғызқұмалақ турнирі

Toguz_kumalakПавлодарда тоғызқұмалақтан суперлига өтуде. Бұған дейін Қостанай, Қызылорда қалаларында іріктелген санамақтың саңлақтары енді суперлиганың жүлдесін сарапқа салуда. Ақтық бәсекеге ілінген Өскемен, Шымкент, Павлодар және Ақтөбе өңірлерінен келген алты ойыншы тоғыз ұяшықта топ жару үшін таласуда. Ақырғы айналымдағы алтылық та оңай оспақтар емес. Аудандық, облыстық, Республикалық ойындарда алдарына қара салмаған спортшылар. 26-шы желтоқсан күні мәреге жететін бұл сайыста еліміздің ең үздік тоғызқұмалақшысы анықталады. Қазақ ұлттық ойындарының ішіндегі ең интелектуальдық дәрежеде дамыған, математикалық шеберлік пен ұлттық дәстүрді сабақтастырған ойын түрінен өтіп жатқан сайыстың қорытындысын алдағы уақытта толықтай беретін боламыз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.