Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жылды қорытындылады

2015-ші жылы Түркияда көкпардан екінші Азия чемпионаты өтеді. Биыл тұңғыш рет Астанада құрлықтың тақымды жігіттері бас қосып, түркі дүниесіне ортақ ойыннан сайысқа түскен еді. Жалпы өтіп бара жатқан жыл көкпаршылар мен балуандар және бүркітшілер үшін табысты болды. «Енді өзге де ойындарды дамытуды қолға алу керек», – дейді ұлттық спортты ұлықтаған мамандар. Бүгін ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жылды қорытындылап, алдағы атқарылар істерге тоқталды. Кез келген төл спортты жетілдіру үшін ғылыми негіз болуы керек. Сондықтан қауымдастық мамандары ғалымдармен бірлесіп, ұлттық ойындарға арналған жаттығулар кешенін жасап шығуды қолға алмақшы. Қаржы мәселесі шешімін тапты, енді тек ниет дұрыс болсын. Алда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі келе жатыр. Әлемге бабадан қалған құндылықты паш ету негізгі бағыттардың бірі болмақ. Ұлттық спорт арқылы Қазақстан жастарына тәрбие беру де маңызды. Бұл тұрғыда «Нұр Отан» партиясы да ұлттық ойындарды насихаттау жағына басымдық береді.

Қайрат Сатыбалды, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
-Биыл қолға алынып, аяқталмай қалған «Ұлттық спортты дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын тиянақтап, Үкіметімізге ұсынуымыз қажет. Бұл бағдарламамызда ұлттық спорттың барлық түрлерін ат спорт түрлері көкпар, теңге ілу, аударыспақ, қыз қуу, жамбы атумен қатар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ пен және де басқа да ұлтымыздың мәртебесін көтеруді дамыту жолдары қарастыру қажет. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*