Ұлттық спорттың үздіктері марапатталды (ФОТО)

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ұлттық спортының үздіктеріне «Алтын тұғыр» номинациясы табысталды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының шешімімен бұл марапатқа 26 спортшы ие болды. Олардың ішінде астаналық Дәулетбек Омбаев ең үздік көкпар шабуылшысы атанса, көкпардың жекпе-жек шебері деп Құлажан Тоғайбаев танылды. Көкпардың жас саңлағы деген атақ Самат Мәлімбаевқа бұйырды. Үздік бүркітші — Күнтуған Тоқтыбай. Сонымен қатар, теңге ілу, қыз қуу, асық ату, аударыспақ, қазақ күресінің жеңімпаздары да марапатқа ие болды.
Биыл ұлттық спорттан халықаралық деңгейдегі дүбірлі додалар ұйымдастырылды. Олар — көкпардан І Азия чемпионаты, құсбегілердің І халықаралық фествиалі,  қазақша күрестен Еуразия және Әлем чемпионаты, тоғызқұмалақтан Азия бірінішілігі.
Қауымдастық ұлттық спортқа қамқорлық танытып, қазақ халқының салт-дәстүрінің, ұлттық ойынының халықаралық деңгейге көтерілуіне тер төгіп жүрген азаматтарға «Елімжан» төсбелгісін тақты. Ұлттық спортты насихаттап жүрген журналистер де сый-сияпатсыз қалмады.
Кеште жиналған қауымға эстрада жұлдыздары әсем әуендер арнады. Көрермендер Жандарбек Бұлғақов пен Балғынбек Имашевтің айтысына да куә болды.

http://kaztrk.kz/kaz/news/portal/Ulttik_sporttin_uzdikteri_marapattaldi__FOTO__id1388111459.html#go

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*