Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жыл үздіктерін анықтады

1388111955Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы 2004 жылы құрылған уақытынан бергі кезеңде Ұлттық спортты дамыту бағытында көптеген іс-шаралар атқарды. Республикамызда 10 Ұлттық спорт мектебін, 2 ұлттық көкпар клубын, ұлттық спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктер ашуға ықпал етіп, олардың жұмыстарын үйлестіріп бір мақсатқа жұмылдырып келді. Бүгінде бұл клубтар мен мектептердің саны он беске жетіп қалды. Ұлттық спорт түрлері республика деңгейіне көтеріліп, барлық өңірлерге таралды.Үстіміздегі жылдың сәуір айында Тараз қаласында, қыркүйек айында Астана қаласында оннан астам елдер қатысқан Ұлттық спорт түрлері «Көкпар» мен «Саятшылықты», түркі тілдес халықтардың дәстүрлі ортақ спорт түрлерін дамыту туралы халықаралық семинар кеңестер өткізілген болатын. Соның негізінде биылға 2013 жылдың өзінде «Көкпардан І ашық Азия чемпионаты», «Құсбегілердің І Халықаралық фестивалі», Қазақ күресінен Еуразия, Әлем чемпионаттары, Тоғызқұмалақтан Азия чемпионаттары өткізілді.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы осындай игі істерге мұрындық бола отырып, 2013 жылдың 26 желтоқсанында жыл қорытындысын жасап, жыл үздіктеріне «Алтын тұғыр» номинациясын тапсырды.
111112222«Алтын тұғыр» ұлттық спорт түрлері бойынша үздік қырынан танылған спортшыларға, жаттықтырушыларға және журналистер мен қоғамның белсенді мүшелеріне беріледі. Бұл Ұлттық спорттың он жылдық тарихында тұңғыш рет қолға алынып отырған игі бастама. Биылғы жылы бұл марапатты Қауымдастықтықтың арнайы шешімімен ұлттық спорттың 26 үздігі иеленді. Олардың қатарында «Көкпардың үздік шабуылшысы» астаналық Дәулетбек Омбаев, «Көкпардың үздік жекпе-жек шебері» тараздық Құлажан Тоғайбаев, «Көкпардың жас саңлағы» Самат Мәлімбаев, «Үздік бүркітші» астаналық Күнтуған Тоқтыбай, «Ұлттық спортты насихаттаушы үздік журналист», «Үздік спорт коментаторы» т.б. аударыспақтан, қыз қуудан, теңге ілуден, қазақ күресінен жылдың үздіктерін кездестіруге болады.
1388111977Ал нақтырақ кімдердің қай спорт түрінен үздік атанғанын айтар болсақ:
1 Көкпардың үздік шабуылшысы — Дәулетбек Омбаев
2 Көкпардың үздік қорғаушысы — Ермек Көбей
3 Көкпардың үздік жекпе-жек шебері — Тоғайбаев Құлажан
4 Көкпардың шебер ойыншысы — Шырынқұлов Бақтыбай
5 Үздік көкпаршы (көрермен көзайымы)  — Александр Пупенко
6 Көкпардың жас саңлағы   — Мәлімбаев Самат
7 Көкпар ойынының үздік жаттықтырушысы  —  Құрамаев Қуанышбек
8 Көкпар атының үздік бапкері  —  Момынов Нұрдәулет
9 Ұлттық спорт ойындарының үздік төрешісі   — Саев Жаныс
10 Ерен күш иесі (қазақ күресінің хас шебері)  —  Ыстыбаев Бейбіт
11 Үздік тоғызқұмалақ ойыншысы   — Әсел Дәлиева
12 Үздік бүркітші  —  Күнтуған Тоқтыбай
13 Үздік қыз қуу ойынының шебері ( жігіті)  —  Жанбазаров Дарын
14 Үздік қыз қуу ойынының шебері (қыз бала)   — Айтышева Еркеназ
15 Үздік аударыспақ ойыншысы  —  Ізбасаров Сырым
16 Үздік теңге ілу ойыншысы   — Бәшембаев Әліхан
17 Жорға атының үздік бапкері  —  Матюх Григорий
18 Үздік асық ату ойыншысы  —  Сәкен Нариман
19 Бәйгеде үздік шабандоз бала   — Жұмаш Диас Ілиясұлы
20 Үздік атбегі  —  Үмбетов Ғабит
21 Ұлттық спортты насихаттаушы үздік журналист   — Ибрагимов Нұрсұлтан
22 Ұлттық спортты зерттеуші үздік журналист   — Бекен Қайрат
23 Ұлттық спортты түсіруші үздік режиссер  —  Дәулетов Руслан
24 Үздік спорт коментаторы   — Сәттібаев Рамазан
25 Ұлттық спортты аймақтарда дамытуға ерекше үлесі қосқан елімжан азамат   — Бауыржан Әбдешұлы Оспанов
26 Ұлттық спорт туралы үздік кино түсірген режиссер   — Ахан Сатаев
1388111935Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының арнайы «Елімжан» төсбелгісінің иелері де осы кеште анықталды. «Елімжан» төсбелгісі Ұлттық спортқа қамқорлық танытып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің, ұлттық ойынының халықаралық деңгейге көтерілуіне тер төгіп жүрген азамматтарға берілді. «Елімжан» төсбелгісімен марапатталатын Ұлттық спорттың жанашырлары қатарында;
«Самұрық-Қазына» АҚ қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев,
ҚР Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне төрағасы, «Тоғызқұмалақ» федерациясының Президенті Әлихан Бәйменов,
«Нұр Отан» партиясы Президентінің бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек,
Қазақ күресі федерациясының Президенті, «КТК» телеарнасының директоры Арман Шораев,
Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішов сынды елге танымал, ұлт мүддесіне қызмет атқарып жүрген азаматтар бар.
Марапаттау кеші барасында ҚР Спорт және денешынықтыру ісі агенттігі тарапынан елімізге танымал 12 көкпаршыға «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын табыс етті. Айтбайев Темірхан, Байтөреев Ұлан, Дүйсенбиев Манарбек, Көбей Ермек, Қабжанов Арсылан, Мырзабаев Нұржігіт, Омарбек Еркебай, Омбаев Дәулетбек, Пупенко Александр, Тоғайбаев Құлажан, Шырымбаев Бағылан, Шырынқұлов Бақтыбай қатарлы Қазақ көкпарының қаһармандары бұдан былай «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды.
Ұлттық спорттың үздіктері мен Ұлттық спортқа жанашырлық танытып, қолдап-қуаттап, насихаттап жүрген жандардың кім екені анықталған кеште Қазақ халқының ұлттық

20132612235926(1)

спортының ғаламтор беттерінде насихатталуына ат салысып жүрген блогерлерге «Нұр Отан» партиясы арнайы алғыс хаттар берді. Бұған дейін қазақ тілінде дикторлық жасап, Қазақстанда тұратын ұлттардың да ана тілімізге бей-жай қарай алмайтындығын дәлелдеп жүрген Максим Рожин, 2005 жылдан бері ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов және Монғолияда ұлттық спортымыз Көкпардың дамуына ат салысып жүрген Баян-Өлгейлік қандасымыз Ром Әуезханұлы қатарлы азаматтарға «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат Институтының директоры Саясат Нұрбек аталмыш алғыс хаттарды өз қолымен табыс етті.
Сонымен қатар, марапаттау кешіне келген көрермендердің көңілдерін Қазақстан Республикасының өнер жұлдыздар әсем әнмен тербесе, Балғынбек Имашев пен Жандарбек Бұлғақов тамаша әзіл айттыс жасап, жиылған көпшілікті күлкіге қарқ қылды. Кеш соңында қорытынды сөз сөйлеген Қауымдастықтың жаңа Президенті Бекболат Тілеухановтың орындауындағы «Елім менің» әнін көрермен халық тік тұрып қошаметпен тыңдады.

ҚР ҰСТҚ 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*