Бекболат Тілеухан – Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Президенті

3333333333ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы 2013 жылды қорытындылап, ұлттық спорт қайраткерлерін, спортшыларын, бапкерлер мен төрешілерінің және ұлттық спорттың жанашырларының басын қосты. Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен алқалы жиында біршама істің басы ашылып, біршама мақсаттар мен міндеттер талқыланды. Биылғы жылды қорытындылап, келесі 2014 жылқы жылында атқарылар ауқымды шаралар белгіленді.
Қауымдастық тарапынан «Қазақстан – 2050» стратегиясына сай жаңа бағдарлама жасалып, алдағы уақытта соның негізінде жұмыс істеу нақты жолға қойылмақ. Бұған түрткі болып отырған «ЕХПО – 2017» халықаралық көрмесі барысында шетелдік туристер арқылы әлемнің түкпір-түкпіріне Ұлттық спортымызды жеткізу. Және ұлттық спорт түрлерінің халықаралық деңгейде өтуіне жағдай жасау. Сондай-ақ, әлемдік деңгейде ойналатын ұлттық спорттың санын көбейту. Бүгінде халықаралық дәрежеде саусақпен санарлық қана ұлттық спортымыз ойналады. Атап айтар болсақ, «Көкпар», «Бүркітшілік» және «Тоғызқұмалақты» ғана тілге тиек ете аламыз. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін алдағы жылы нақты іс-әркеттер жасалуы тиіс.
Бұл жайлы жиын барысында баяндама жасаған Қауымдастық Президенті Қайрат Сатыбалдыұлы;
– Еліміз  «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізу құқығына ие болды. Бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форуммен, немесе  әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен парапар оқиға.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының алдында аса жауапты міндеттер тұр. Біз, өткен ғасырда жоғалтып алған құндылықтарымызды қайта оралтып, халықтың игілігіне жараттық.  Ұлттық ойындарымыз республикамыздың барлық аймақтарына тарады.  Ұлттық спорт мектептері мен ұлттық спорт клубтарын аштық. Ұлттық спортымыз ежелден келе жатқан байырғы спорт түрлерімен иық тіресетін дәрежеге жетті. Оған дәлел ретінде,  биылғы өткізілген «Көкпардан І Азия чемпионаты», «Бүркітшілердің І халықаралық фестивалі», Қазақ күресінен өткен Еуразия және Әлем чемпионаты, «Тоғыз құмалақтан  Азия чемпионатын» айтсақ та жеткілікті болар.
Енді уақыт талабына сай және Елбасымыздың «Біз үйренетін елден, үйрететін елге айналдық»  дегеніндей, Ұлтық спортымызды жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек. Ол үшін бізге алдымен болашақта атқаратын міндетімізді айқындап алуымыз қажет. «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Тұжырымдасын» нақты заман талабына жауап бере алатындай дәрежеде жасауымыз керек – деді.
Осының негізінде жиналысқа қатысқан Ұлттық спортың жанашырлары алдағы уақытта іске асыруға тиісті мақсаттар мен міндеттерді бағытқа алып, өзекті деген мәселелерді атқару үшін қаулы қабылдады.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы 2014 жылы Ұлттық спорт түрлерін уақыт талабына сай жаңа сапалық деңгейге көтеруге баса назар аударып, әлемдік деңгейде өткізілетін шараларды көбейтсін.
  2. Ұлттық спортты дамытудың Тұжырымдамасы (Концепциясы) Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкестендіріліп қайта жасалсын.
  3. «Ұлттық спортты дамытудың 2017 жылға дейінгі Мемлекеттік Бағдарламасын» жасап, Үкіметке ұсынып, бекіттіруді жүзеге асырсын және Мемлекеттік Бағдарламада төмендегі мәселелер қамтылсын: т.б. оннан астам міндеттерді жүктеген қаулы бір ауыздан қабылданып, ұсыныстар мен қаулыда көрсетілген мәселелердің жүзеге асырылуы ҚР ҰСТҚ төралқасына тапсырылды.

Қауымдастықтың алдағы жылда атқарар жұмысы мен биылғы жетістігін талқылаған жиынға қатысушылар тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды. Ол – Ұлттық спорт түрлері қауымдасытығының Президенті Қайрат Сатыбалдыұлының орынына, бұған дейін Қауымдастықтың Вице-президенті қызметін атқарған Бекболат Тілеуханның тағайындалуы болды. Ал Қайрат Сатыбалдыұлы Қауымдастықтың «Құрметті Президенті» атанды.

ҚР ҰСТҚ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.