Бүркітші

 

br

Бүркітші

       Көшпенді бабаларымыздың таным-түсінігінде бүркіт — батылдықтың, батырлықтың, еркіндіктің, рух биіктігінің символы. Еліміздің туындағы бүркіттің бейнесі азаттықттың, тәуелсіздіктің, тектіліктің, қайраттылықтың  айбыны ретінде бейнеленген. Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және бүркіттің бір қауырсынын үзіп алып қасиетті зат санап биікке іліп қояды.

         Тарихи деректерге қарағанда бүркітті қолға үйретіп, аңшылыққа пайдаланғанына 3 мың жыл болыпты. Италиян жихангері Марко Полоның естелігінде, Құбылай ханның саятшылыққа пайдаланған 500 бүркіті және басқа да құстарының болғандығы жазлылады. Шыңғысханның ұлы Жошының  3 мың бүркітшісі болғандығы туралы деректер бар. Орта Азия хандарының да бүркіт ұстап, құсбегілердің қызметін пайдаланғанды белгілі.

         Қазақ халқы құсбегілікке: бүркіт, қаршыға, лашын, сұңқар, тұйғын, тұрымтайды пайдаланған. Қазақтың әйгілі құсбегісі Жалайыр Шора туралы «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады» деген сөз тараған. Қазір Алматы облысының Еңбекшіқазақ  ауданындағы Нұра ауылында «Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі»  мен Республикалық құсбегілер мұражайы жұмыс істейді.

          2004  жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Содан  бері Күнтізбелік жоспарға сәйкес «Салбурын», «Саят», «Қансонар», «Бүркітшілердің Республикалық чемпионаты» жарыстары мен әр түрлі турнирлер өтіп келеді. Бұл жарыстарға 30-дан 90-ға дейін бүркіттер мен қаршығаларын алып саятшылар келеді. Атақты бүркітшілердің арасында Бүркіт жарысының спорт шебері Әбдірзақова Мақпал да бар. Барлық жарыстар құзырлы органдар бекіткен ережеге сәйкес өткізілуде. Қазақстан бүркітшілері шетел қалалары: Лондон, Дубайға сапар шегіп жарыстарына қатысты. Елімізде бүркітшілер қатары жылдан-жылға өсіп келеді.

 «Құсбегілік»

  1. Жалпы ережелер:

1.1. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар жұртшылықты қазақтың ұлттық ойындарына жататын осы жарыс түрімен ұдайы айналысуға тарту, сондай-ақ халық арасында осы спорт түрінің салауатты өмір салты принцптерін дәріптеу құралы ретінде кең насихаттау әрі жандыру , спортшылардың шеберлігін арттыру, өмірлік маңызы бар қолданбалы дағдылар  мен жасөспірімдердің  батылдық, епшілдік секілді жеке қасиеттерін жетілдіру мақсатында өткізіледі.

1.2. Жарысты өткізу ережелері мен олардың есебін жүргізу регламентпен әрбір жеке жағдайда белгіленеді, оны осы жарыстарда өткізетін ұйым әзірлейді.

1.3. Жарыс регламенті мынадай тараулардан тұрады:

—         Мақсаттар мен міндеттер;

—         Өткізілетін орны мен уақыты;

—         Қатысатын ұйымдар мен жарысқа қатысушылар;

—         Жарыстың бағдарламасы;

—         Қаржы шығындары;

—         Өтінім беру мерзімі мен тәртібі.

1.4. Жарыс регламенті жарысқа қатысушыға шақырылған ұйымдарға мына мерзімде жолдануға тиіс.

—         Дене шынықтыру және  спорт ұжымдарының жарыстары үшін кемінде 2 ай бұрын;

—         Аудандық және қалалық жарыстар үшін кемінде 3 ай бұрын;

—         Облыстық жарыстар үшін кемінде 4 ай бұрын;

—         Республиклық және халықаралық  жарыстар үшін кемінде 6 ай бұрын.

 2.     Жарысқа қатысушылар

2.1. Жарысқа арнайы өтінім тапсырған дәрігердің рұқсаты мен сақтандыру полисі бар құсбегі спортшылар қатыстырылады.

2.2. Жарысқа қатысушы құсбегі спотшылар:

—         Жарыс ережелері мен регламентін білуге және орындауға;

—         Жеке басын растайтын құжаттары, дәрігерлік анықтамасы, сондай-ақ регламентте көзделген басқа да құжаттары болуға және олады жарыс өткізуші тұлғалардың бірінші талабы бойынша ұсынуға;

—         Барлық қатысушыларға, төрешілерге, жарыс өткізуші мен қызмет көрсетуші тұлғаларға, сондай- ақ көрермендерге қатысты сыпайы, биязы болуға;

—           Жарысқа белгіленген уақытта келуі қажет;

—         Төрешілердің нұсқауларын мүлтіксіз орындауға, белгіленген жұмыс тәртібін  сақтауға, қатысушыларға белгіленген орында болуға міндетті.

2.3. Жарысқа қатысушы құсбегі спортшыларға берілетін құқықтар:

—         Жаттығу орындауға қатысты шұғыл мәселелер бойынша тікелей төрешілерге, жарыс өткізуге байланысты қалған басқа жағдайларда өкілдеріне өтініш жасауға;

—         Жаттығуды осы мақсаттар үшін бөлінген орындарда төрешілер алқасы белгілеген уақыттарда жүргізуге құқылы.

2.4. Қатысушы құсбегі спортшыларға берілмейтін құқықтар:

—         Төрешілердің жұмысына арасауға және төрешілік етуге бет-әлпетімен өзінің наразылығын белгілуге;

—          Төрешілерге қатысты қандай да  болмасын дөрекілікке баруға тыйым салынады.

2.5. Кез-келген масштабтағы жарыстырға қатысушының өкілі тағайындалады, ол тәртіптің жай-күйі, оның мүшелерінің киім нысаны мен күн тәртібін сақтауы үшін жауап береді.

2.6. Жетекші

—         Жарыс өткізілетін жерге келгеннен кейін спортшыларды мандат комиссиясына таныстыруға:

—         Қатысушы спортшылардың жарыс өткізілетін жерге уақытылы келуін қамтамасыз етуге, олардың осы ереже мен жарыс туралы ережені қатаң қадағалауға;

—          Төрешілер алқасының отырысына қатысуға, жеребе тартуға қатысуға өз спортшыларына төрешілер алқаптарының талаптары мен шешімдері, жарыс бағдарламасының немесе күн тәртібінің өзгергені туралы хабарлауға;

—         Спортшылары көрсеткен нәтижелерді білуге, олардың  қорытындыларын уақытылы шығаруға;

—         Бас төрешілер алқасына сақтандыру полистері, дәрігерлік анықтама мен өтінімдерін табыс етуге;

—         Спортшыларды орналастыру мен тамақтандыруға, қамқорлық жасауға міндетті;

—         Төрешілерге олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш жасауға міндетті;

—         Төрешілер алқасына өтініштер (наразылықтар) беруге құқылы.

2.7. Команда жетекшісі

—         Төрешілердің шешімін бұзуға немесе олардың іс-қимылдарына араласуға;

—         Жарыс барысында спортшыларға жәрдем көрсетуге;

—         Жарыстың бас төрешісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатынсыз жарыс өтіп жатқан немесе спортшылар орналасқан жерден кетуге тыйым салынады.

  1. 3.     Құсбегі спортшыларға қойылатын талаптар

3.1. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстарға әлемдік және Қазақстандағы құсбегілер федерацияларының командалары мен жекелеген спортшылар, шет елдердің командалары мен жеке спортшылары өздерінің ұйымдастыру алқасына тапсырған өтінімдеріне сай қатыстырылады.

3.2. Жарысқа қатысушы әрбір команда жеке спортшының тәжірибелі өкілінің болуы шарт.

3.3. Өтінімде мынадай деректер көрсетілуге тиіс: спортшының аты-жөні ,туған жылы, келген жері, жетістігі, құсына дәрігердің жарысқа қатысуға берген рұқсаты және сақтандыру полисі болмаса жарысқа қатыстырылмайды.

 4. Төрешілер алқасы

4.1. Төрешілер алқасын жарысты өткізуші ұйым тағайындайды.

4.2. Төрешілер алқасына жарысты осы ережеге және жарыс регламентіне сәйкес дайындау мен өткізу, жарыс нәтижелерін айқындау және жалпы қорытынды шығару жүтеледі.

4.3. Төрешілер алқасына: бас  төрешілер алқасы мен төрешілер алқалары кіреді.

4.4. Төрешілер алқасының құрамына: мандат комиссиясы, бас төреші, оның 1-2 орынбасары, бас хатшы, аға төрешілер, жарыс дәрігері, ақпаратшы төрешілер, хатшылар, сондай-ақ алаңдағы төрешілер кіреді.

4.5. Мандат комиссиясын жарысты ұйымдастырушылар тағайындайды. Мандат комиссиясы жарысқа қатысатын спортшылардың құжаттарының сәйкестігін, аты-жөні, туған жылы, келген жері, жетістігі, құсының төл құжаты, дәрігердің жарысқа қатысуға берген рұқсаты және сақтандыру полисін тексеріп жарысқа қабылдайды.

4.5. Алаңда ойын үшін жауапты бас төреші тағайындалады. Даулы мәселелер туындаған  жағдайда  Бас төреші шақырылады, ол төрешілер алқасын шақырып, дауды дауыс көпшілігімен шешуге құқылы.

4.6. Бас төреші жарыс жетекшісі болып табылады және оның  осы ереже мен жарыстар туралы ережеге сәйкес өткізілуін қамтамсыз етеді.

4.7. Бас төреші:

— жарыстар өткізілетін орындардың, жабдықтар мен құралдардың әзірлігін, олардың жарамдылығын және осы ережеге сәйкестігін алдын-ала тексеруге;

— төрешілерді іріктеуге қатысуға, төрешілер бригадаларының жетекшілерін  тағайындауға, осы бригадалардың құрамын белгілеуге және олардың нұсқаулығын өткізуге;

— төрешілер алқасының жұмысына жетекшілік етуге;

— Хатшылықтың бүкіл алдын-ала жұмысын(жеребе өткізу және т.б) тексеруге, бекітуге;

— жарыс басталғанға дейін төрешілер алқасы мен  жетекшінің ұйымдастыру кеңесін өткізуге, оларды жарыстар туралы ережемен таныстыруға және төрешілерді жұмыс учаскелері бойынша орналастыруға;

— келіп түскен наразылықтарды төрешілер алқасының қарауына енгізуге және олар бойынша шешім қабылдауға;

— жарыс аяқталғаннан кейін жарыс қорытындылары бекітілген және төрешілер жұмысының бағасы жарияланатын төрешілер алқасының қорытынды отырысын өткізуге;

— жарыстың салтанатты түрде ашылу, жабылу және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілеуге;

— жарыс аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірмей жарыстың есебі мен хаттамаларын жарыс өткізуші ұйымға табыс етуге міндетті.

4.8 Жарыстың бас хатшысы:

— қатысушы ұйымдардың өтініштерін қабылдайды, жарыс хаттамаларын дайындайды, қатысушы командалар жеребес өткізеді, жеребенің негізінде жұптар құрайды, бас төреші біткеннен кейін қатысушылардың танысуы үшін хаттамаларды іледі;

— хатшылықтың жұмысына басшылық жасайды, өткізуші ұйымнан  кеңсе тауарларын, құралдарды, марапаттау материалдарын және т.б алады;

— жарыс хаттамаларын өңдеуді жүргізеді , ұпайлар есебін жүргізеді және қорытынды шығарады;

— жарыс нәтижелері бойынша жалпы техникалық есеп жасайды және жарыстың басқа материалдарымен бірге бас төрешіге табыс етеді; — төрешілер жұмысының табелін жүргізеді;

— спортшылардың біліктілік кітапшаларына нәтижелерін, алған орындарын жазады, сондай-ақ қол жеткізген жеңістері туралы анықтамалар береді.

4.9. Төреші хатшылар бас хатшының басшылығымен жұмыс істейді. Олар жарыс өтіп жатқан жерден жедел ақпарат жинауға, оны уақытылы өңдеуге және бас хатшыға бекітуге табыс етуге міндетті.

4.10. Аға төрешілер алаңда төрешілік ұйымдыстырып, оның дұрыстығына жауап береді.

4.11. Төреші қатысушы спортшылардың тектерінің сәйкестігін, олардың киімдерінің сәйкестігін тексеруге міндетті. Қажет жағдайда қатысушы спортшылардың жеке басын растайтын құжаттарын  тексереді.

4.12. Алаң таңдайды, жабдықталған алаңның схемасы мен актісін жасап, оны бас төрешіге бекітуге табыс етеді. Жарыс басталар алдында алаңды тексеріп, таңбалайды.

4.13. Аға төрешілер төрешілерді, олар жарыс ережесін бұзатын болса, міндеттерін атқарудан шеттетуге немесе жарыстан алып тастауға құқылы. Бұл туралы олар бас төрешіге немесе оның орынбасарларының біріне дереу хабарлайды.

4.14. Алаңдағы төрешілер жарыс басталғанға дейін құс салатын аңдардың жарақаты жоқтығын, санының жеткілікті екенін, олардың алаңдағы арнайы даярланған жерде тұруын қадағалайды және аңдарды уақытылы құс салатын жерге шығарып отырады.

4.15. Ақпаратшы-төреші қатысушыларды, көрермендерді, баспасөз, радио, теледидар өкілдерін жарыс ережелері барысы, туралы білікті ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті және жарысты мүлтіксіз ұйымдастырып өткізуге жәрдемдесуге тиіс.

4.16. Ақпаратшы-төреші жарыс басталғанға дейін жарыстар туралы ережені, жарыс бағдарламасын зерделейді, команда қатысушыларын сипаттайтын деректерді дайындайды.

4.17. Ақпарат-төреші бас хатшыдан, хатшылардан ақпарат алу тәртібін белгілейді, оны жарыстың бас төрешісіне бекіттіреді.

4.18. Республика чемпионаттары мен спартакиадаларында, халықаралық жарыстарда аға ақпаратшы-төреші тағайындалады, ол ақпаратшы төрешілер мен дикторлардың жұмысына басшылық жасайды.

4.19. Жарыс дәрігері жарыста жан-жақты медициналық қызмет корсетуді қамтамасыз етеді.

Ол:

—         Жарыс өткізілетін жерде медициналық жәрдем пунктерінің жұмысын, санитарлық машиналардың болуын ұйымдастыруға және жарыс бағдарламасында белгіленген жер  мен уақытқа медициналық қызметкерлердің уақытылы келуін  қамтамсыз етуге;

—         Жарыстың бас төрешісіне  медициналық  қызметтердің жұмысқа даярлығы туралы хабарлауға;

—         Мандат комиссиясының жұмысына қатысуға, қатысушылардың өтініштерін, оларда дәрігерлік денетәрбиесі диспансерлерінің, спортшыларды жіберілетіндігі туралы рұқсаттарының болуын қарауға;

—         Бас төрешілер алқасының отырысына қатысуға;

—         Қатысушы спортшы ауру немесе жарақаттану себебінен жарысты жылғастыра алмайтын жағдайда, белгіленген үлгідегі анықтама беріп, жарыстың бас хатшысына осы туралы хабарлауға;

—          Жарыс аяқталғаннан кейін бас төрешіге орын алған ауруларды, жарақаттарды көрсете отырып, медициналық қызмет көрсету нәтижелері туралы есепті табыс етуге;

5. Жарыс өткізу орны мен тәртібі

5.1. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар жарыс ұйымдастырушылардың байқауына қарай құс ұшыратын қырлы және аң жіберетін етегі арнайы таңдап алған жерде өткізіледі.

— алаңның кеңдігі 1000-1500 метрден кем болмауы тиіс;

— құстың ұшуына кедергі келтіретін электр сымдары ,жасанды құрылыс заттары, тау, өзен, батпақ жерлер болмауы тиіс.

5.2. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар бүркітшілер мен қаршыға тектес кіші құстар болып екі түрінен де ересектер арасында, жастар арасында және жас өспірімдер арасында өтеді.

5.3. Жарыс алдында жеребе тасталып, спортшыларға нөмер беріледі. Әр спортшы өзіне және құсына берілген нөмірімен жарысқа қатыстырылады.

5.4. Бүркітшілер жарысы : қолға шақыру, қоянға салу, кептерге салу бойынша өткізіледі.

5.5. Жеңімпаздар алған ұпайларына қарай анықталады.

Спортшыларға ұпай беру тәтрібі.

 Бүркітшілер жарысы:

  1. Құсбегі спортшылардың киім үлгісі:

— ұлттық нақшта өрнектелген шалбар

— ұлттық нақшта өрнектелген кеудеше шапан;

— ұлттық нақшта өрнектелген бас киім;

— биялай;

— жем қалта

— кездік

— түтік;

— тұғыр;

— томаға;

— балдақ;

— жемаяқ;

— балақбау;

Осы құрал жабдықтардың барлығы түгел болса 7 ұпай, ал әрбір кем болған құрал-жабдығы үшін 1 ұпайдан кемтіліп отырады.

2. Бүркіттің иесімен ара қатынасы, бүркіттің еркін ұшуы;

— Құс ұшпаса 0 ұпай;

— Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай;

— Құс айналып самғап иесінің қолына келіп қонса 7 ұпай;

— құс басқа жерге бір рет қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі;

— Құс басқа жерге  2 рет қонып , шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 2 ұпай шегеріледі;

— Әр құсқа берілетін уақыт 3 минут.

3. Бүркітті қолға шақыру:

— 50 метрге дейінгі шеңберден 3 ұпай;

— 50 ден 75 метрге дейінгі шеңберден 5 ұпай;

—  75 тен 100 метрге дейінгі шеңберден 7 ұпай;

— 100 метрден жоғары 10 ұпай;

— Құс ұшпаса 0 ұпай;

— Құс басқа жаққа ұшып кетіп , иесіне келмесе 0 ұпай;

— құс басқа жерге қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі;

4. Бүркітті шыршаға, қоянға түлкі немесе қарсаққа салу;

— құс шырғаға, аңға түссе жоғары 7 ұпай;

— құс жерге бір қонып барып түссе 1 ұпай шегеріледі;

— құс жерге екі қонып барып түссе 2 ұпай шегеріледі;

— құс шырғаға, аңға түсуге әрекет жасап ұстай алмаса 1 ұпай;

— құс басқа жаққа ұшып кетсе 0 ұпай.

5 . Қаршығаның иесімен ара қатынасы, құстың еркін ұшуы;

—  Құс ұшпаса 0 ұпай;

— Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе  0 ұпай;

— Құс айналып самғап иесінің қолына келіп қонса 7 ұпай;

— құс басқа жерге бір рет қонып шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі;

— Құс басқа жерге  2 рет қонып , шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 2 ұпай шегеріледі;

— Әр құсқа берілетін уақыт 10 минут.

6. Қаршығаны қолға шақыру:

— 50 метрге дейінгі 3 ұпай;

— 50 ден 75 метрге дейінгі  5 ұпай;

— 75 тен 100 метрге дейінгі  7 ұпай;

-100 метрден жоғары 10 ұпай;

— Құс ұшпаса 0 ұпай;

— Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай;

— құс басқа жерге бір рет қонып шақырумен оралып келсе, алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі;

7. Қаршығаны қоянға салу:

— құс қоянға түссе жоғары 7 ұпай;

— құс жерге бір қонып барып түссе 1 ұпай шегеріледі;

— құс жерге бір қонып барып түссе 2 ұпай шегеріледі;

— құс қоянға түсуге әрекет жасап, ұстай алмаса 1 ұпай;

— Құс басқа жаққа ұшып кетсе 0 ұпай.

8. Қаршығаны кептерге салу:

-құс кептерді бірден іліп алса жоғары 7 ұпай;

-құс кептерді бір жіберіп алып қайта ілсе, бір ұпай шегеріледі;

-құс кептерді  2 бір жіберіп алып қайта ілсе, 2  ұпай шегеріледі;

— құс кептерді ілуге әрекет жасап, ұстай алмаса 1 ұпай;

— Құс  басқа жаққа ұшпаса 0 ұпай;

5.4. Спортшыларға рұқсат етілмейтін әдістер:

— құстарын алмастыруға;

— жарыстан 10 мин. кешігуге;

— құсты иесінен басқа адам алып қашуға .

5.5. Спортшыларға саятшылық өнеріндегі рұқсат етілген барлық  тәсілдерді қолдануға болады.

5.6. Төрешіден 2 рет ескерту алған спортшы үшінші рет ереже бұзса жеңілген болып есептеледі.

5.7 .Егер спортшының құсы жарыс барысында жарақат алып, дәрігер құсқа жарысты жалғастыра алмайды деген шешім шығарса, құсы жараланған спортшы жеңіліс табады.

5.8.    «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар ұйым біріншілік, қалалық біріншілік, облыстық біріншілік, республикалық біріншілік, халықаралық біріншілік болып өткізіледі.

5.9. Жарыстың қауіпсіздік шаралары ішкі істер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен  қамтамасыз етіледі.

           Жарысқа тапсырылатын өтінім жобасы

    Құсбегілік Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ҚР чемпионаты  Спорт түрі ұйымының атауы жарыстың  ______________________ облыс (қаласы) командасынан жарысқа қатысуға

                                                   Өтінім

 Мерзімі:

Өтетін орны:

Аты-жөні Жасы Келген

жері

Спорттық

атағы

Жаттық-

тырушы

Дәрігердің

рұқсаты

Құс

аты

Құс

жасы

Дәрігер

рұқсаты

                   
                   
                   
                   

 Өкілі:_________________________________

Дәрігер:_________________________________

Басқарма бастығы:_____________________________

 6. Наразылықтар

  Наразылықтар төрешілер алқасына команда жетекшісі тек жазбаша нысанда және аяқталғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей табыс етуі мүмкін. Наразылыққа қатысушы спортшылар немесе төрешілер бұзған осы ереже мен жарыстар туралы ереженің тараулары мен тарақтары көрсетілуі тиіс. Бас төрешілер алқасы  наразылықты қабылдап алуға , оны қарауға ол бойынша шешім қабылдауға және оны өтініш берушіге барынша аз мерзімде жарыс қорытындылары бекітілгенге дейін міндетті түрде жеткізуге тиіс. Бас төрешілер алқасының талап қатысындағы шешім кездесу аяқталғаннан кейін жарты сағат ішінде қабылдануға тиіс.

       Бас төреші алқасы наразылықтар бойынша шешімдердің мазмұнын барлық командалар жетекшісіне дейін жеткізеді.

       Наразылықтар бойынша бас төрешінің шешімі кесімді болып табылады және қайта қарауға жатпайды.