«Алтын тұғыр» аталымының жеңімпаздары марапатталды

Ұлттық спорт түрлері бойынша үздік қырынан танылған спортшылар анықталды. Ұлттық спорт қауымдастығы Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын тұғыр» аталымының жеңімпаздарын марапаттады.
Қазақ халқының ғасырлар бойы бойына сіңген көкпар ойынының үздік ойыншылары «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Көкпардағы жекпе-жек шебері», «Шебер ойыншы» аталымдарына сәйкес анықталды. Сондай-ақ, шара аясында ұлттық спорт түрлерін насихаттап, ұлттық ойындардың халықаралық деңгейге көтерілуіне өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарға арнайы «Елімжан» төсбелгілері табысталды
Саясат Нұрбек, «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының директоры:
— Қазіргі таңда өзіңізге мәлім осы жыл халықаралық деңгейдегі үлкен шаралармен өтті. Ұлттық спортты жаңа бір дейгейге шығарып жатырмыз. «Нұр Отан» партиясы үлкен шараларды қолдауға дайын. Неге десеңіз, біздің жаңадан қабылданып жатқан саяси доктринамызда осы сұрақтар кеңінен таралған. Ұлттық құндылықтарымыз, төл мәдениетіміз соның ішінде ұлттық спортты дамыту, нығайту, жаңа бір деңгейге шығару біз үшін өте үлкен басымдылық болып табылады.

http://khabar.kz/kz/view/news_sport/page_52224_

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.