Ұлт спортына жанкүйер бол!

IMG_6347Қадірлі оқырман!

Ұлттың ұлттығын айқындайтын дүниелер болады. Тілі, ділі, діні, дәстүрі мен мәдениетінің қатарында халықтың сипатын айқындап, болмысын танытатын тағы бір құндылығы ол – ұлттық спорты. Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік – Қазақстан өміріндегі бетбұрыс болды, ол халқымыздың рухани баюына кең мүмкіндік жасап, экономиканың алға басып, әр азаматтың әл-ауқатының өсуіне жол ашты» деген еді.

Тәубе дейміз, тыныштық бесігінде тербеліп, азаттықтың жиырма үшінші жылына қадам басып келеміз. Елімізде он жылға жуық тарихы бар Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жұмыс жасауы, ұлттық спорт пен ұлттық ойындар бойынша жиырмаға тарта Федерациялардың құрылуы – тәуелсіздігіміздің арқасы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясына сай, халқымыздың кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту межесі айқын. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын ұстануы, бұқаралық спорттың дамуы бағытында ұлттық спорттың да өз орны бар. Бұл сөзімізге ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «еліміздің 250952 азаматы ұлттық спортпен айналысады» деген дерегі дәлел.

2013 жыл ұлттық спорт үшін айрықша оқиғалармен есте қалды. «Еуразия барысы» шарасымен географиясын кеңейткен, дәстүрі қалыптасқан «Қазақстан барысы» жобасы түкпір-түкпірдегі жас өрендердің қазақ күресімен айналысуына серпін берді. Бұйырса, 2014 жыл «Әлем Барысы»   жобасының көрермені боламыз.

Әлем тарихында тұңғыш рет Астанада Көкпардан І Азия чемпионаты өтіп, Қазақстан көкпаршылары Азия чемпионы атанды. Халықаралық Көкпар федерациясының штаб-пәтері Бішкектен Астанаға ауысты.

2013 жылы елімізде  тұңғыш рет Халықаралық І Бүркітшілер фестивалі ұйымдастырылып, әлемнің онға тарта мемлекетінен құсбегілер қатысқан жиында, отандастарымыз жүлделі орын алды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көр­месіне келетін шетелдіктер біздің ұлттық ерекшелігімізге, дәстүрімізге, спор­тымызға айрықша назар аударатындығы белгілі. Осыны ескере отырып, біз жал­пыұлттық жобаға өз үлесімізді қосуымыз керек. Шетелдіктер бізді саясат, эко­номика арқылы ғана емес, ұлттық спортымыз арқылы да тануы тиіс. Осы орайда, 2014 жыл Қауымдастық үшін аталған халықаралық шараға әзірлікке кірісетін жыл болмақ. Сондай-ақ биыл, Аударыспақтан І Азия чемпионатын өткізу жоспарымыз бар.

Ендеше, ұлтымызды ұлттық спортымыз арқылы таниық.

Ұлттық спортымызға жанкүйер болыңыздар!

 

Құрметпен,

Қайрат САТЫБАЛДЫҰЛЫ

«Нұр Отан» партиясының хатшысы,

«Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының» құрметті президенті

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*