Ұлттық спорт — міндетті пән

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаттары К Иманалиев, К. Исаев, К. Рыспаев ұлттық спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізуді көздейтін заң жобасына бастама көтерді. Қырғызстан  «Ұлттық спорт туралы» Заңдарын 2003 жылы қабылдап тастаған. Мұндағы өзгеріс екі мәселені реттейді.

Біріншісі, егер заңға енгізілетін өзгерістер қабылданса, Қырғызстан Үкіметі Жогорку Кенештің алдында ұлттық спортты дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына байланысты есеп беретін болады.

Екіншіден, бастама көтерген депутаттар ұлттық спорт түрлерін негізгі жалпы және орта жалпы оқу орындарында міндетті пән ретінде оқытуды ұсынып отыр. 2003 жылғы редакцияда ұлттық спорт түрлері туралы пән жоғарғы оқу орындарының алғашқы екі курсы үшін міндетті, ал қалғандары үшін — факультативті еді.

Заң жобасымен мына жерден танысуға болады.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*