EXPO-2017-ге дейін ұлттық спорт түрлерін дамыту концепциясы әзірленбек

nurotan-news-1388051958

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2017 жылға дейін ұлттық спорт түрлерін дамыту концепциясы әзірленетінін  атап айтты.

«Астанада өтетін «ЕХРО-2017» көрмесіне келген қонақтарға ұлттық спорт түрлері – жамбы ату, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу ойындарын  жарқыратып көрсетуіміз керек. Ал оған дайындықты бүгінгі күннен бастауды қажет етеді. 2017 жылы  көкпардан әлем чемпионаты өтетіндей дәрежеге жетсек, нұр үстіне нұр болар еді. Ол үшін алыс шетелдерге жаттықтырушыларымызды жіберіп, оларға ұлттық ойынымыз – көкпарды насихаттап, үйретуге де дайынбыз. Әлем алдында ұлттық спорт ойындарын әспеттей алатын болсақ, одан тек ұлттық спортымыздың ғана емес, Қазақстан атты мемлекеттің дәрежесі паш етілмек», – деді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.

Айтуынша, бүгінде аты бар, алайда заты жоқ дәстүрлеріміз жетерлік. Мысалы, жамбы ату ойыны. Сондай-ақ, ат үстінде садақ атуды батырлар жырында оқып-білгеніміз болмаса, бүгінгі күнде мүлдем тыс қалған өнер. Міне, осыларды дамытуымыз керек.

«Қазір Моңғолиядан жаттықтырушы алдырып жатырмыз. Ат үстінде өзін еркін ұстайтын, әрі садақ атуға бейімі бар қазақтың балаларын топтастыру қолға алынды. Осының негізінде, мүмкіндік болса, келер жылы жамбы атудан республика чемпионатын өткізетін дәрежеге жетуді жоспар етіп қойып отырмыз», – деп атап айтты Бекболат Тілеухан.

Дереккөз: nurotan.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*