ДОДА. ХІХ ғасырдың соңы. ҚР МОМ қорынан

Дода— ат үстінде көкпарға таласып, үймеленген көкпаршылар тобы, көкпар тартысы.

Дода – көкпарға салынған серкені тартып алып тақымға басу үшін көкпаршылардың тартысқа түсуі. Серкенің додаға түсуі көкпар ойынының шарықтау шегі болып табылады. Дода кезінде жүйелі жəне тұрақты тəртіп сақталмайды. Дода көкпар тартудың бір түріне жатады. Өйткені, көкпар жаппайтартыс жəне дода тартыс болып екі түрге бөлінеді. Жаппай тартыста əркім серкеге өзі ие болуға күш салады. Ал дода тартыста бірдей бөлінген екі топ күш сынасады. Жікке бөлінген топтар тұтас сайысқа түседі. Кейде жерде мұны марта тарту деп те атайды. Додаға  түсу үшін сайыс алаңы белгіленеді. Қарсы жақтар додаға өздерінің белді атқа мінген мықты азаматтарын салады. Ердің қайраты, аттың қабырғалысы осы дода үстінде айқындалады. Мұндайда оза шауып, есе бермеген ерге, топты жарып өткен атқа мадақ айтылып, ел аузында қалған. Додаға кірген көкпаршыны додаға түсті, ал көкпарға тартылған серкені додаға салды дейді. Көкпарға тартылатын серке алдын ала дайындалады, жеңіл əрі мықты болуы үшін ішек-қарнын алып, тұзды суға салып қояды, терісін қайта тігеді. Егер ойын кезінде тері шыдамай жыртылса, оны біреудің есігінің алдына немесе үйдің уығының үстіне қарай лақтырып тастайды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*