БӘЙГЕ

Бәйге – ат жарысы, халық арасында ең көп тараған ат спортының  түрі.  Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бәйгеде  спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар.

Аламан бәйге — аты, құнаны, тайы аралас жаппай жарыс. Аламан бәйгеге 20-60, кейде одан да көп сәйгүлік қосылады. Ат 25-100 шақырым қашықтыққа шабады. Жолда өзен, көл кездесуі де мүмкін. Жарыс тәртібін бақылайтын арнаулы адамдар белгіленеді. Бәйге атына салмағы жеңіл жас балалар мінгізіледі.

Шабу. Аттарды айналым бойынша жібергенде оларды сағат тілінің қозғалысына қарсы бағытта шаптыру керек. Алға алдыңғы атының сырт жағынан, яғни оң жағынан орап өту қажет. Екінші атты кісінің атымен әдейі соғып кеткен, оның алдынакес кестеген немесе спортшылардың шабуына басқа да кедергі келтірген спортшы  жарыстан шығарылады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.