АТ ӘБЗЕЛДЕРІ

Ер — салт атқа мініп жүру үшін пайдаланылатын әбзелдердің бірі, көне заманнан бері көшпелі халықтың өмір қажетіне сай қалыптасқан айрықша құрал-жабдық және өнер туындысы. Ер өте сапалы, мықты ағаштан шабылады. Ер жасауға қайың, үйеңкі ағаштары пайдаланылады

Өмілдірік — ер-тоқым әбзелдерінің бірі. Ер жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі. Оны қазақ шеберлері қатты құрым теріден немесе қалың былғарыдан жасап, қайып тіккен, құйма әшекей заттармен безендірген.

Құйысқан — Ер-тоқым аттың мойнына қарай жылжымас үшін ердің артқы жағы мен ат құйрығының астыңғы жағын жалғастыратын қайыстан не былғарыдан әшекейлеп жасалған әбзел атауы.

Үзеңгі  —  ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Ердің екі қапталына қайыс бау арқылы тағылады. Екі қабырғасының жоғарғы жағында таралғы өткізетін тесік болады, ал аяқ киімнің табаны тұратын жері тұтас сопақша болып келеді.

Айыл — ат әбзелі. Ер тоқым, ершік, ашамай, ыңыршақ қыр арқадан ауып кетпеу үшін көлік малының бауырын орай тартатын жіңішке тартпа. Айыл, көбінесе, қайыстан, кейде ызба құр мен өрме таспадан жасалады. Жасалған затының тегіне немесе жасау әдісіне қарай: қайыс айыл, құр айыл, өрме айыл, таспа айыл, орны мен қызметіне қарай: бас айыл, төс айыл, шап айыл деген түрлері болған.

Жүген — ер-тұрман әбзелі. Ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады. Жүгеннің өрме Жүген, қайыс Жүген деген түрлері бар.

Ноқта — ер-тұрман әбзелі. Ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады. Жүгеннің өрме жүгенқайыс жүген деген түрлері бар. Өрме жүген таспадан өріледі, ол қайыс жүгеннен мықтырақ болады.

Көпшік — ердің үстіне салатын төсеніш. Оны көбінесе тысымен немесе тыссыз жасайды. Көпшікті әдетте киізден, жүн тартқан матадан, жүнін арасына келтіріп, беттестірген қой терісінен, аң терілерінен әзірлейді.

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде қолданылған.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*