ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

Қазақ күресі. Палуандар кілем үстінде, арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Көптеген әдіс тәсілдер жасап орындалатын күрес. Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен   ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Балуан (палуан) — күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иесі. Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесі.

Нар балуан — (абсолютті чемпион), «Нар балуан» атағы ауыр салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен ең күшті балуанға беріледі. Қазақша күрестен жарыс біткеннен кейін орта салмақтан жоғары дәрежедегі балуандардың барлығы «Нар балуан» атағы үшін белдесуге түседі. Мұнда жеңіске жеткен шеберге «Нар балуан» атағы беріледі.

Бүк — Қазақ күресінің ережелеріне кіретін белгі. Бүк белгісі, жасалынған әдіс балуанның ішіне, тізесіне тиіп, балуандардың бірінің тізесі кілемге тиюімен аяқталған жағдайда беріледі. Төреші дауыстап: «Бүк» деп айтады, оң не сол қолын иығының деңгейіне көтеріп, алақанын төмен қаратып ұстайды.Бір ескерту «Бүк» әдісіне тең, Үш «Бүк» бір жамбасқа тең.

Жамбас белгісі — күрес кезінде балуанның бір немесе екі жамбасының кілемге тиюі әсерінен болған әдіс-тәсілдері үшін үш «Бүк» алған жағдайда беріледі. Төреші Дауыстап :»Жамбас» деп айтады. Оң не сол қолын иығының деңгейіне көтеріп, саусақтарын жұмып ұстайды. Екі ескерту жасаған жағдайда «Жамбас» ұпайы беріледі..

Кілем. Қазақ күресінен  белдесуді арнайы кілемде өткізеді. Оның өлшемі 12х12 метрден кем болмауы керек. Күрес кілемінің айналасы ашық, емін-еркін қозғалуға ыңғайлы болып, жарыстың сәтті өтуіне мүмкіндік беруін қадағалаған жөн. Сонымен қатар, теле-бейне, сурет түсірілімдермен қамтамасыз етілуі қажет.

Ұстасу — қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шауылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.

Шалу — аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігінқарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.

Ілу — аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрып жіліншікпен  немесе табанмен орындалады.

Орау — аяқпен  жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе  бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен немесе табанымен аяғынан іледі.

Қағу — аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқпен қағады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.