Қазақ бүркітшілері Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының 45-ші кеңесіне қатысады

Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығы қазақ бүркітшілерін өзінің 45-ші мерейтойлық кеңесіне қатысуға шақырды. Катар мемлекетінің астанасы Дохада өтетін іс-шара  қаңтардың 27-нен ақпанның 2-не дейін жалғасады. 

Festival1

Халықаралық ұйымның директоры Богумил Страка өз хатында қазақтың саятшылық өнерін жоғары бағалап, еліміздің ЮНЕСКО-ның қорғауындағы мәдени мұра тізіміне көкпар мен бүркітшілікті енгізуге дайын отырғанын құп көретінін білдірді.

Айта кетейік, Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығына әлемнің 60 елінен 87 бүркітшілер ұйымы мүше. Оның құрамына 30 мыңға тарта бүркітші кіреді.

Қаңтардың 28 мен 29 күндері дүниежүзі бүркітшілер кеңесінің  ресми бөлімі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, шара аясында бүркітшілерге арналған 1-ші ғылыми Ветеринарлық медицина  конференциясы өтеді деп күтілуде. Кездесу 31 мен 1-і күні Катардағы кең көлемде өтетін саятшылық фестивалімен ілесіп, Дохадағы жабылу салтанатымен аяқталмақ.

Катардағы Бесінші Халықаралық Бүркітшілер және саятшылық фестивалі 2010 жылдан бастап қолдау тауып, қыран-бүркіттің дайындығын шыңдайтын игі дәстүрге айналды.

Мәліметті толығырақ Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының ресми сайтынан біле аласыздар.

footer

ҚР ҰСТҚ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*