Самат МӘЛІМБАЙ. Көкпар тартқандікі…

Мәлімбай

Туған жері: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шоқай ауылы

Туған жылы: 1993 жыл

Ойнайтын командасы: Жамбылдық «Әулие-ата» жастар командасының капитаны,

«Әулие-ата» ересектер командасының мүшесі

Тұлпарының аты: Лазер

   Самат 2013 жылы «көкпардың жас саңлағы» атағын иеленген. 2 жыл қатарынан жастар арасындағы чемпионатта ең үздік шабандоз боп, бір рет ең үздік шабуылшы атанды. Көкпарға келген алғашқы жылдан-ақ команда капитаны болды. Содан бері, «Әулие-ата» командасының намысын абыроймен қорғап жүр.

         Бір қызығы, жас көкпаршы болашақ дәрігер. Қазір ол С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-курс студенті. Оқу озаты, ғылыми жұмыстарға қатысып, тәжірибеде науқастарды емдейді.

Мәлімбай көкпар үстінде

         «Көкпар қанымызда бар спорт қой. Атадан келе жатқан асыл мұра. Біз ағаларымыздың артынан еріп, көкпарға деген қызығушылығымыз оянды. Ал қызығушылық бізді осындай үлке-ен додағада алып келді».

Мәлімбай атпен

         «Ең алғаш ауылда көкпарды 5-6 метр жерге ғана апарып тастап жүрдік. Ол кезде 7-сынып оқитын едік. Оқу жылы басталып та кетіпті… Сөйтіп, оқу жылы біткеннен кейін көкпар тартып, мәреге әкеліп жүрдім. Елге танылып, үлкен додалы көкпарларда салым салған кезім 9-сыныпта… Ал колледжде оқып жүргенде қазіргі жаттықтырушым байқап командаға алған…».

DSC_5264

         «Менің ойымша, ұлттық спорт дәл қазіргі таңда өте жоғары қарқынмен дамуда. Көкпарды әлемдік деңгейге шығару жүрегі елім деп соғатын әрбір ер-азаматтың міндеті деп есептеймін. Біздің университеттегі көбісінің көкпарға деген қызығушылығын ояттым-ау деймін».

Мәлімбай көкпар

        «Командада Лазер атты сәйгүлікпен өнер көрсетем. Сол тұлпарды жарыс алдында дайындап, сақадай сай жарысқа шығамын. Оқудан келгенде арнайы барып тұрам.

         Лазер — ат емес, ол — адам. Сізге өтірік, маған шын… Оның жарыс алдындағы дайындығын көріп таң қаламыз. Үлкен қораға жібереміз, сол жерде өзі жекпе-жекке қабырғаны итеріп дайындалады. Егер оны тастап көкпарға кетсек, ашуланады. Бірақ, оның бір қасиеті — адам баласын теппейді, тістемейді».

Мәлімбай қазан

           «Көкпаршы болу үшін талмай еңбек ету керек. Тек күш емес, қарсыласыңды алдай білуің керек, тактиканы дұрыс қоя білу керек.

            Кез келген адам көкпармен айналыса алады. Ең бастысы, көкпарға деген сүйіспеншілік, қызығушылық пен батылдық болса болғаны. Одан кейін шыңдала түседі, ешкім туыла салып шабандоз болмайды ғой».

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*