Бейбіт ЫСТЫБАЕВ: «Дүниедегі ең дәмді ас — анам әзірлеген қуырылған картоп»

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысы» және «Еуразия барысы» турнирлерінің жеңімпазы, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы.

ISK_3005 Ыстыбаев ііііііііі

       Бұрын  қаптағай денелі, екі иығына екі кісі мінгендей деген сөз тіркестерін ертегіден, көркем әдебиеттен көп оқитын едік.  Сондай алып денелі, нардай жігіттер қазақта бүгінде бар.  Қазақ күресінен талайларды мойындатқан Бейбіт Ыстыбаевтың  тұлғасы ғана емес, жан-дүниесі де сондай кең, рухы да еңгезердей  биік жігіт.

       Бейбіт спорттағы алғашқы қадамын бокс пен каратэден бастады. Ал күреске ол он алты жасында келген екен. Бейбітті балуандық өнерге Талғат есімді бірге оқыған досы алып келіпті. Алғаш күрескенде Бейбіттің салмағы жетпіс бес келі болатын. Қазіргі  салмағы жүз қырық келі.  «Салмақ қосу үшін оңды-солды тамақ жеудің  қажеті жоқ, бастысы күнделікті көңіл-күйің дұрыс болып, ауырмай жүрсең болды», — дейді Бейбіт. Тамақ демекші Бейбіттің ең сүйікті тамағы біз ойлағандай ет пен сорпа емес, анасының қолымен әзірленген қуырылған картоп екен. Болашақ келіннің құлағына алтын сырға!

 DSCF0031

        Ал келін мәселесі осы жылдың алғашқы үш-төрт айында шешілейін деп  тұр. «Жарымның тәрбиелі, текті жерден шыққанын қалаймын. Мен балуан болған соң үйіме келетін қонағым да көп болады. Сосын әке-шешеме, бауырларыма жайлы болса екен деймін. Мен үшін  болашақ жарымның сұлу болғаны маңызды емес,  ол  көрсету үшін немесе мақтану үшін тағатын сағат емес қой», — деп сыр ақтарды балуан.

   photo_111013 Тәубешіл жігіттің жеткен жетістіктері үшін алдымен Алла, екінші ата-анасына алғысы зор.  Өзіне сенім артқан ел-жұртының тілеуі, залдағы жанкүйерлердің «Бейбіт алға» деп айқайлап қолдап-қолпаштауы кәдімгідей  күш беріп, жеңісті бір табан жақындата түсетін көрінеді.  Біреуді алдау, екіжүзділік сынды құбылмалы мінездер Бейбіттің табиғатына жат. Сондықтан болар оның достары да көп.

  «Ешбір жарыста сенің атақ-даңқын көмектеспейді, спортшының дайындығы мықты болса ол жеңбей қоймайды. Спортшы өзіне деген сенімді жоғалтпауы тиіс», — дейді ұлттық құраманың капитаны Ыстыбаев. Қайткенде, білек күшінен бөлек спортшыға намыс пен рухтың ауадай қажет екені ақиқат. Ол  қасиет Бейбіттің бойынан анық аңғарылады.

 

Фабрика ФорматовISK_3731

    Бейбіттің соңғы қатысқан жарысы батырдың туған жері Таразда өткен «Еуразия барысы» турнирі. «Турнирге моңғол алыптарының келе жатқанын естіген біздің жігіттер осы 200 келідегі Cұғаржарғалдың сұсты фотосын маған жіберіп, мені өздерінше сескендірмек болды.  Шыны керек,  таза жеңем  деп ойлаған жоқпын, әйтеуір бірдеңе қылып жықсам екен дегенім рас», — дейді қазақтың алыбы. Шын, Бейбіттің «Еуразия барысы» турнирінің финалында  моңғолдың 200 келіге жуық балуанын жер иіскеткені қазақтың бір серпілген, рухы желпінген сәт болды.

ISK_0144 Женіс Ыскабай іііііі

Қазақ спортының мерейін өсірген Бейбіттің асқақ арманы  бар. Ол  Олимпиада шыңын (дзюдодан) бағындырып, қазақ деген ұлттың көк байрағын Олимп шыңында бір желбірету.  Қазақтың рухын аспандата бер, Бейбіт!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*