Тараздағы чемпионатты шетелдіктер де тамашалауда

           Таразда құсбегіліктен жастар арасында ел чемпионаты жалауын көтерді. 17-19  қаңтар аралығында өтетін бұл шараға еліміздің түкпір түкпірінен келген жас құсбегілер бақ сынасуда.   Чемпионатты арнайы тамашалауға келген шетелдік қонақ та бар. Ол Испаниядан келген құсбегі Хуан Бернабе. Хуан  құсбегілікпен 8 жасынан бастап айналысыпты. Бүркітінің есімі «Найза».  Жалпы Испанияда 35 мыңнан астам құсбегі бар екен. «Бүркітшілік қазақтың қанында бар, ал біздікі қызығушылықтан туған әдет. Біздің қазақ құсбегілерінен үйренеріміз көп» дейді испандық. Расында, Еуропаға құсбегілік Орта Азия елдерінен тарағаны белгілі.

IMG-20140117-WA0004

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.