Тараздағы жарыс мәресіне жетті

    Бүгін Таразда жастар арасында өткен құсбегілер сайысы өз мәресіне жетті.  Қырағы қырандардың бағы мен бабы сыналған чемпионат осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.  Жарыста Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан және Астана қаласынан келген он сегіз бен жиырма бір жас аралығындағы 16 бүркітші   бақ сынасты.

    Сайыс ережелеріне сәйкес спортшыларға бірнеше талаптар қойылды. Сайыста құсбегінің киім киісі,  құсты қолға қондыру, «шырға салу» сынды әдістер бағаланды. Жарыстың көрігі бүркітті қоян, түлкі және шибөріге салу кезеңінде қыза түсті.  Барлық талаптардан мүдірмей өткен Алматы обылысынан келген Алмас Сейітжан топ жарды.  «Ақбалақ» есімді қыранымен сайысқа түскен Алмас небәрі он сегіз жаста. Ата –баба дәстүрін жалғап келе жатқан оның бұл екінші жеңісі. Алмас былтыр өткен  ел чемпионатында алтын жүлденгі иемденген-тін…

IMG-20140118-WA0015

Алмас СЕЙІТЖАН,  жарыс жеңімпазы:

«Құсбегілікпен бала күнімнен айналысамын. Аталарымнан қалған дәстүр. Жарыста жеңу өте қиын болды. Жылдан жылға жарыстың да, қарсыластарымның да деңгейінің өскені көрініп тұр. Дәстүрімізді жаңғыртып ұлттық спортқа қолдау көрсетіп жатқаны үшін ұйымдастырушыларға көп рахмет. Және жаттықтырушым Жүніс Тоқтасынұлына алғысым шексіз. Алла қаласа енді ересектер арасында өтетін жарыста бағымды сынасам деймін.

IMG-20140117-WA0019

 

Біріншіліктің күміс жүлдесін Ақмола обылысынан келген Шыңғыс Уәлиханов алды. Бүркітінің есімі «Баян». Ал қола жүлде «Тұйғын «атты қыранымен сайысқа түскен астаналық Нұрлан Баянбекке бұйырды.

Жарысты ұйымдастыруға «Нұр Отан» партясы қолдау көрсетті. Құрылғанына  он бес жыл болған «Нұр Отан» партиясы осы уақытқа дейін ұлттық спортымызға жанашырлық танытып келеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.