Жаркенттегі көкпар додасы

         Алматы облысының Жаркент қаласында осы жылдың алғашқы көкпары тартылды.  Додаға Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл обылыстары мен Астана және Алматы қалаларынан үш жүздей шабандоз қатысты.

       1Жаппай көкпардың командалық көкпардан ерекшелігі көкпаршы командасы үшін емес, өзі үшін және тігілген жүлдені алу үшін сайысқа түседі.

7Жаркентте өткен жарыста да әр салымға қомақты ақшалай сыйлықтар беріліп отырды. Көкпардың «өгіз өлді» деп аталатын басты салымын тараздан келген шабандоз Бағлан Шырынбаев салып, осы салымға тігілген жылқыны қанжығасына байлады. Жарыста серкені қазанға ең көп салған да осы Бағлан. Ол жалпы саны бес салым салып, көпшіліктің көңілін өзіне аударды.

4Сондай-ақ, екі салымнан салған астаналық шабандоздар Дәулет Оңбаев, Ермек Көбей, Нұрдәулет Момынов, Ұлан Бәйтөреев және тараздық Құлажан Тоғайбаев пен Манарбек Дүйсембиевтер жиылған жұртты  өнерімен тәнті етті.

Жылқыға жаны құмар қазақ үшін көкпар ойынының орны бөлек. Делебеңді қоздыратын ат спортының бұл түріне қызығушылық танытып жүрген жастардың  қатары көбейіп келеді. Ұлттық спорт жасай бер!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.