Ұлттық арнаның жас құсбегілер чемпионаты туралы сюжеті

Жамбыл облысында саятшылықтан жастар арасында ел чемпионаты мәреге жетті. Еліміздің 7 облысының мықтылары сынға түскен сайыста Алматы облысының құсбегілеріне тең келер ешкім болмады.
 
Нұрсұлтан Құдайбергенұлы, тілші:
Қыран құсты қолға үйрету — кез-келгеннің қолынан келе бермейтін дүние.  Кемі 5-жылдың ішінде, табанды еңбектің арқасында  үйретуге болады. Тек, бабы келіскен аспан еркесін 6-шы жылы ғана арлан қасқырға салуға болады.
Осындай қиындығы мен қызығы мол ұлттық өнерді серік еткен Алмаз Сейітжанның жасы қазір18-де. Бала күнінен лашын құстарды қолға үйретіп, 16 жасында қыран құс алды. Әкесінен тәрбие алған жас құсбегі ел чемпионатының  үздігі атанды. «Ақбалақ» атты бүркітімен барлық тапсырманы бұлжытпай орындады.
 
Алмаз Сейітжан, жарыс жеңімпазы:
Былтыр Көкшетауда І орын алған.  Өте қуаныштымын.
Бүркітті түлкіге салу сайысында  6 бүркітшінің жолы болды. Үздік үштіктің қатарына қосылған астаналық Нұрлан Баянбектің тұйғыны  400 метрдегі жемтігін 20 секундқа жеткізбей  ұстап, егесінің қанжығасын майлады. Тек финалда дала шибөрісіне құс патшасының күші жетпеді.  Дегенмен, ұпай санымен екінші орынға тұрақтады.
 
Жүніс Мамедов, жарыс төрешісі:
75 жыл өмір сүреді. Әбден қартайып, ешнәрсеге шамасы жетпегенде, биік шыңға шығып, жарға құлайды.
Биылғы жылдың алғашқы бәсекесінде 20 бүркітші шеберлігін байқатты. Мамандардың айтуынша, жастардың  шеберлігі өткен жылға қарағанда толысқан. Енді осы құсбегілердің арасынан сайыпқырындары іріктеліп, ұлттық құрама сапы қайта жасақталмақ.
Нұрсұлтан ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*