АТ ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙТЫН АҚЖҮРЕК

АҚЖҮРЕК ТАҢАТАРОВ, еркін күрес  шебері, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері.

Ақжүрек Таңатаров Лондон олимпиадасында еліміздің туын көкте желбіретіп, қазақтың беделін арттырып қайтқан жалынды жас. Қазақы тәрбиеге сусындап өскен Ақжүрек  жастайынан жылқыға жаны құмар болып өсті. Оның  жеті ағайынды болып келетін өз атасы  аға -бауырларымен түгел дерлік көкпаршы болыпты. Атасы ашаршылық кезінде   көкпарға барып,  бір ауылды асыраған екен.

кокпар 274

 

Ақжүрек қазір жаппай көкпарға жиі қатысып тұрады.  Ол ұлттық спорттың осы түріне көңілі елеңдеп тұрса да  олимпиадаға дейін көкпар тартуды кейінге ысырып қойыпты. Ал қазір халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күрестен талай биікті бағындырған Ақжүрек көкпар ойынына шындап кіріскен.

кокпар 362

Атқа мінген адамның жүрегі орнығып, қанаттанып, еңсесі биіктей түседі. Ақжүрек олимпиадаға барардың алдында жиырма күн бойы бір сағатын атқа мінуге арнапты. Күнделікті жаттығудан  шыққан соң, ағасы Досымжанмен бір мезгіл атқа шауып, қымыз ішіп бір жасап қалатын.  Оның Лондоннан медаль тағынып, жеңіспен оралуына осы қасиетті жануардың да қосқан үлсесі бар екен. Өзінің айтуынша белдің мығым болуына, спортшының бабында болуына атқа мінудің пайдасы көп. 

кокпар 253

«Аттың үстіндегі адамның он екі мүшесі түгел қозғалыста болады. Ат еркекке де әйелге де пайдалы. Қазір қаланың жігіттері уролог мамандардың алдына жиі барады. Атқа көп мінген адам аурудың не екенін білмес еді» дейді  көңілі аппақ жігіт.

Бұйырса, Ақжүректің кішкентай ұлы да көкпар тартып, бәйгеде  қара үзетіндердің бірі болады. Ол көкпарға үнемі әкесімен бірге еріп барып жүр, әрі тартысты қызыға тамашалайды.

IMG-20140122-WA0004

 Рио де Женейрода өтетін Олимпиадаға «барам» деп әлден кесіп айтқысы келмейді.  Бұл Ақжүректің тілегін  жасырып-жасқағаны емес, алдында күтіп тұрған талай жарыстарды, сындарды өтіп алмай, мақсатына жетіп алмай алдын ала сөйлемегені, сабырлық танытқаны.    Осы жылдың қазан айында Азия ойындары келе жатыр.  Сәуірде Азия чемпионаты болады. Олимпиадаға дейінгі болатын барлық сайыстарда нәтижелі өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне бер! Ұлтын сүйетін, ұлттық спортын қадірлейтін Ақжүректей жігіттер қазақтың туын төмен түсірмес!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.