Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары форумы

Бүгін Қырғызстанда «Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары» атты форум басталды.  Қырғыз елінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан шараға біздің елден де арнайы делегация барды. Олардың ішінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Оспанов, ұлттық ат спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібаев және Әулиеата көкпар клубының  жетекшісі Нұрдәулет Момынов  бар.

IMG-20140125-WA0002

Форумда түркі халықтарының және өзге әлем халықтарының ұлттық ойындары талқыланады. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – әр ұлттың өз болмыс -бітімін танытатын ұлттық спортты ілгерілетуде тәжірибе алмасу,  ұлттық спорт саласында іскерлік қарым- қатынасты дамыту.

IMG-20140125-WA0007

Бүгінгі таңда көптеген елдер өзінің төл спортына барынша көңіл бөле бастады.  Ұлттық спортқа арналған спорт клубтары, федерациялар жұмыс жасап жатыр. Үлкен еңбектің нәтижесі болар, қазір ұлттық ойындардан даму үдерісін байқауға болады.

Қазақ елінің де ұлттық спорттың әлемдік деңгейге шығуына қосып жатқан үлесі аз емес. Кеше ғана өткен көкпардан Азия чемпионаты, қазақ күресінен ұйымдастырылған Еуразия барысы соның айқын дәлелі.

IMG-20140125-WA0006

Форум қортындысында бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының резолюциясы қабылданады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*