Ұлттық спорттың ұландары жыл үздіктерінің қатарында

IMG_5758

Еңбегі еленгендердің қатарында  ұлттық спорт өкілдері де бар. Мәселен, 2013 жылғы Қазақстан барысы Айбек Нұғымаров «жыл спортшысы» атанса, оның жаттықтырушысы  Серік Қоржыкенов «Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген арнайы номинацияны иеленді.  «Жылдың үздік командасы» деген атақ Көкпардан ұлттық құрамаға  бұйырды. Ал көкпардың дамуына ерекше үлес қосып келе жатқаны үшін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арнайы сыйлыққа ие болды.

IMG_9881

Спортшының жеңісін, оның мықтылығын халыққа жеткізіп жүрген журналистердің еңбегі елеусіз қалған жоқ.  Жылда спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі силық та осы шарада табысталды. Өз саласында қара үзген тілшілерді марапаттау  төл спорттың дамуына аянбай күш салып жүрген Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханға тапсырылды.

IMG_9865

Жігерлерін мұқалмасын жүйріктер!

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.