Энциклопедиялық сөздік: Құсбегілердің құрал-жабдықтары (1)

томағаТОМАҒА – қыран құстардың басына кигізілетін қап. Қыран құстың томағасын ертеректе асыл тастан әшекейлеп, өте әдемі, сәнді етіп тігіп, оны кәдімгі өнер туындысының деңгейіне дейін көтерген.

 

 

 

 

 

 

 

биялайБИЯЛАЙ – құбегілер қыран құсты қондырғанда киетін тері қолғап. Сол қолмен тізгін ұстайтын болғандықтан, биялайды оң қолға арнап тігеді. Оның бас бармағы бір бөлек, қалған төрт саусақ киілетін тұсы бір бөлек тігіледі. Биялайдың ішіне жұқа киізден немесе мақта жүн қабылған матадан астар салынады. Жеңіне іліп қоюға қолайлы болсын деп, қайыс бау немесе кішкене жез шығыршық тағылады.

 

 

 

 

тұғырТҰҒЫР – қыран құстарды қондыруға қолданылатын ағаш дөңбек. Әдетте тұғырды үш аша бұтақты ағаштан жасайды. Тұғырдың құс қонақтайтын орнын сәл көтеріңкіреп, бедерлеп қойса, құс таймай орнықты отырады. Халық шеберлері құс тұғырын мүйізбен, сүйекпен оймыштай өрнектеп, кейде темірден құрсау салып, оған қақтап күміс жалатады. Әдемі бүркеншікті жез, күміс шегелер, шатырлар, асыл тастан көз салып та безендіруге болады.

 

 

 

 

 

 

балақбауБАЛАҚБАУ. Қыран құстардың жіліншектеріне тағылатын арнайы бауды балақбау немесе аяқбау деп атайды. Балақбау – қыран құстың аяғында үнемі бірге жүреді. Ол тұғырдан ұшып кетпес үшін қажет. Әдетте қыран құстарға тағылатын бау жұмсақ иленген тері, былғары, жарғақ немесе қыжымнан құстың жіліншегіне лайық тігіледі. Жіліншікті орап, бунақтап тұратын тұсы алақан деп аталады. Шолақ балақбау немесе аяқбау үнемі ұыран құстың аяғында болады. Оның ұшындағы шығыршықтар арқылы  ұзындығы бір құлаштан астам жіңішке әрі жұмыр етіп өрілген бау өткізіледі. Оны іргебау деп атайды. Іргебау төрт не алты таспадан өріледі. Оның бір ұшына сүйектен, мүйізден немесе ұшқат, ырғай, емен, тобылғы тәрізді қатты ағаштан жонылған көлденең тиек тігіледі. Оны тобыршақ деп атайды.

балдақБАЛДАҚ – қыранды салт тапен алып жүруге арналған, құс салмағынан қол талмауы үшін биялай киген оң қолдың білегін сүйеп тұратын сайман. Балдақтың алқымына жақын орналасқан шығыршыққа қайым бау тағылып, ол ердің алдыңғы қасына байланады. Сонда балдақ әрлі-берлі толқымайтын болады.

 

 

 

 

 

 

 

жемқалтаЖЕМҚАЛТА – аңға шыққанда құстың жемін салып жүретін қалта. Жемқалтаның ұзындығы 15-25 см, көлденеңі 10 см мөлшерінде болады. Жемқалтаның бір жақ қырында түтік қыстыратын орны, қалтаны белбеуге ілетін, ердің қанжығасына байлайтын өрілген бауы болады.

 

 

 

 

саптыаяқСАПТЫАЯҚ – ағаштан ойылған, тостаған тәрізді, бүлдіргелі сабы немесе шығыршығы бар ыдыс. Оны халық шеберлері қайының, қараағаштың, үйеңкінің безінен (беріші, үйілі) шауып, ішін ұңғырумен қырнап жасайды. Ағаштың безі берік боады, күнге қаңсып, жарылмайды. Шеберлер саптыаяқты өрнегіне қарай «шұбар аяқ» деп та атайды. Қыран құстарға жем беретін саптыаяқты жемаяқ деп та атайды. Қырандарды баптау үшін, етті суға салып сөлін алып, «ақжем» етіп береді. Жемаяқтың сауын ағызып жіберуге арналған шүмегі болады. Оны «суағары» дейді.

 

белбеуБЕЛБЕУ – халқымыздың ұлттық сырт киімдеріне жататын шапан, тон, ішік, шидем, күпі, шекпен, т.б. сырт киімдерге түйме қадамай-ақ, шалғайларын айқара қауырсынып, белге белбеу (белдік) буынып алады. Қазіргі қолда бар деректерге сүйенсек, белбеулердің; күдері белбеу, кемер белбеуғ былғары белбеу, кісе белбеу, қаралы белбеу, дөңбет белбеу, өрмелі белбеу т.с.с көптеген түрлері бар. Кісе белбеу малшылар мен аңшылар, жол жүрген жолаушылар жорыққа шыққан батырлар үшін өте қолайлы болған. Кісе белбеудің саятшыларға арналған ерекше түрі бар. Оның астыңғы жағына көптеген шығыршықтар бекітіледі. Саятшылардың саймандары соларға ілінеді.

Дереккөз: Мүптекеқызы Бағдат. Қазақ құсбегілері. Алматы: Таймас Принтхаус, 2006 — 102 бет

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.