Айбек НҰҒЫМАРОВ: «Арманым – үш мәрте Қазақстан барысы атану»

2013 жылы  «Қазақстан барысы» турнирінде қарсылас шақ келтірмеген Айбек Нұғымаров жыл соңында қазақ күресінен Минскіде өткен әлем чемпионатының да алтынын қанжығасына байлап қайтты.  Өткен жылдың «Жыл спортшысы» деген дәрежесі тағы бар.  «Шығыс барысы» деген атпен аты алты алашқа жайылған балуанның өмірінен аз- маз қызықты мәліметтерге назар салыңыз.

айбек1Айбек қазаққа Абай,  Мұхтар және Шәкәрімдей  ұлыларды сыйлаған  топырақта дүниеге келді. Туып өскен жері Семейден екі жүз шақырымдай қашықтықта жатқан  қазіргі Абай ауданының Құндызды ауылы. Ол Серікбол ағамыз бен Сарқыт  жеңгеміздің отбасындағы бес баланың үлкені. Айбекті алғаш күреске алып келген нағашы ағасы Совет  екен.  Ол кезде оның жасы он жетіде болатын.

IMG-20140128-WA0003

Қазақ күресінен екі дүркін ел чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогінің иегері, Әлем чемпионы және Қазақстан барысы. Бұның барлығы Айбек бағындырған белестер. Бірақ орны бөлек бір жеңіс бар, ол сонау күреске  енді ғана келген беттегі он бес -ақ күн дайындалып чемпион болған жеңісі. «Мен он жеті жасымда күреске келгенде кейбір адамдар өте кеш келіпсің деп жатты. Бірақ мен жаттығу басталысымен он бес күннен кейін Обылыс чемпионы атанып Қазақстан чемпионатына жолдама алдым. Міне осы жарыс менің бағымды ашқан жарыс болды. Өйткені үлкен спортқа жолдама берген, бүгінгі күнге жетуіме себепші болған жеңіс сол еді. – деп еске алады алып жігіт.

IMG-20140128-WA0006Айбек үшін отбасынан құнды не бар?!  Ол додаға түссе,  тақымын қысып тілеуін тілеп отыратын әкесі мен шешесі.  Жарының есімі Айжан.  Жеңсе де жеңілсе де ол Айжан үшін қашанда чемпион. Қолдап,   жарыстан жарақат алмай аман келуін күтіп сағынып отыратын анасы мен үйдегі жары.  Айтпақшы Айбек «Қазақстан барысы» атанардан бір ай бұрын «Әке» атанды. Бұл да оңай жеңіс емес!  Балуан жігіт жаттығулардан бір сәт қолы қалт   етсе сол отбасының маңында болуға тырысады.

Семей сайыпқыран жігіттің сүйікті қаласы. «Әлемнің бірнеше қалаларында болдым. Ең ұнағаны Жапонияның астанасы Токио. Бірақ Семейіме жететіні жоқ. Мұнда мен білім алдым, жастығым өтті, спортшы ретінде қалыптастым»- дейді шығыстың барысы.

IMG-20140128-WA0009Заңгерлік-Айбектің негізгі мамандығы. Екі жоғарғы білімі бар балуан қазір Еуразия ұлттық университетінде магистратурада оқиды. «Әйтеуір бір қажетке жарар» деп оқып жатқан жайы бар балуанның.

айбек жаракатОл жиі жарақат алатын балуандардың бірі. Сөйте тұра бабына да тез оралады. Жарақаты жанына батып, қиналатын кездер де аз емес.  Ондайда жігерін жасытпай,  орнынан тез тұрып жаттығуға кірісіп кетуге асығады.

айбек машинаСпортта жеңіске жетіп, талай олжаға кенелген спортшылардың «жүлделерін не істеді екен» деген  сұрақ жанкүйерлерді аз қызықтырмайды. «Осы уақытқа дейін күресте жүріп біраз табысқа жеттім. Алған жүлделерімнің бәрін отбасымның игілігіне жұмсадым. Ұтқан көліктерімді туыстарыма, бауырларыма үлестіріп бердім» дейді Айбек.

IMG-20140128-WA0008Қазақтың төл  спортында мәрттік,  тазалық пен үлкен жүрек бар.  Өзге спорттардай емес, қазақ балуандарының арасында шын достық бар. «Мен Шалқар Жоламановпен, Бейбіт, Ұландармен доспын.  Бір бірімізге кеңес беріп,  қолдап жүреміз. Біз бақталас емеспіз» деп ағынан жарылды ол.

айбекАдамды алға сүйрейтін, спортшыны жеңіске жетелейтін бір күштің бары рас. Ол-арман. Спорттың биік шыңы олимп шыңын бағындырсам деп армандамайтын спортшы аз. Айбектің арманы алабөтен. Ол үш рет«Қазақстан барысы» атанып, төл спорттың төсінде тербелсем, ұлттық спорттың нағыз бел баласы болсам деп армандайды.

«Қазақтың жігіті қайсы?» дегенде «Мынау» деп мақтанатын Айбектей жігіттердің қатары көбейе берсін!

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*