Тараз төрінде «Көкпардан» жарыс өтті

 

Тараз қаласында мамыр айының басында ҚР спортын дамытуға еңбек сіңірген жаттықтырушы, жамбылдық «Әулие Ата» көкпар клубының негізін қалаушы Нәби Момыновты еске алған «Көкпардан» республикалық турнир өтті.

5 күнге созылатын додаға Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысының «Әулие Ата» командалары қатысып, өзараға додаға түсті. Ұлттық ойынымыз Көкпардан бұл жарысты ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істеру агенттігі, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдесіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Қазіргі таңда ұлттық ойындарымызды халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастарымыздың қызығушылығын ояту аса маңызды болып отыр. Осы мақсатта ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Көкпар» ойынын дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру, өмірлік маңызы бар қолданбалы дағдылар мен жеке қасиеттерді жетілдіру мақсатында «Көкпар» ойынын ұйымдастырып келеді. Еліміздің әр аймағында ұлттық спортымыз көкпардан түрлі турнирлер өткізіліп, қазір бұл ұлттық ойынды халықаралық деңгейде жеткізу жолында жұмыстар атқарылып жатқанын байқауға болады.

Б.Момышұлы атындағы атшабардағы журналистерге арналған баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Атқарушы директоры Е.Оспановтың айтуы бойынша бұл ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған көкпар биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Былтыр облыстық деңгейде өткізілсе, биыл «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ-ның ұлттық спорт түрлеріне қамқорлық көрсетуінің арқасында республикалық деңгейде өткізіліп отырғандығын жеткізді. Жамбыл облысындағы «Әулие Ата» көкпар клубының жылдан-жылға деңгейі артып, облыста көкпар ойынының ауқымы артып келе жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биыл осы үздік ұлттық спорт түрі — көкпардан қыркүйек айында «Азия чемпионатын» өткізуді көздеп, соған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Баспасөз конференцияға қатысушылары бұл турнир жылдан жылға дәстүрлі түрде өткізіліп, оған қатысатын командалардың саны артатындығын жеткізді.

Жалпы, көкпар ойыны республикамызда қарқынды дамып, жастардың бұл спорт түріне деген қызығушылықтары артып отыр. Соның бірден бір көрінісі Әулие Ата жеріндегі Көкпар ойынына келген қонақтар мен еліміздің әр облысынан келген командаларының дайындығынан байқауға болады.

Турнирде бірінші орынға 1 млн. теңге, екінші орынға 750 мың, үшінші орынға 500 мың теңгей тағайындалды. Жүлделі 1-орын Жамбыл облысының «Әулие Ата» командасына бұйырса, Оңтүстік Қазақстан облысының көкпаршылары 2-орынды иеленді, ал 3-орынға батысқазақстандық шабандоздар табан тіреді.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының 

Баспасөз қызметі 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.