Жақында «Сонар-2014» құсбегілер жарысы өтеді

Халық арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен тарату мақсатында 2014 жылдың 13-15 ақпан аралығында «Сонар-2014» құсбегілер жарысы өткізіледі. Республика көлемінде өтетін жарыс Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Рахат селолық округінде болады. Ұйымдастырушылар Қырғызстан мен Моңғолия құсбегілерін жарысқа қатыуға шақыртулар жіберді.

Жарысты өткізуге ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, сонымен бірге, Республикалық «Қыран» Федерациясы басшылық жасайды. Және осы мекемелер бекіткен төрешілер алқасы төрешілік етеді. Ереже ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бекітілген.

Жарыстың бағдарламасына қаршыға мен ителгілерді көгершін мен қоянға салу кіреді. Сондай-ақ, бүркіт-қыран құстың (бүркіт, қаршыға) шеберлігін сынау, қыран құспен иесінің арадағы қатынасын сынау, шырға тару, қоян мен түлкіге салу да бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен маратталады. Алматы облысынан бөлінген жүлделер мөлшері төмендегідей:

Бүркіт:

1 орын — 100 мың теңге

2 орын — 70 мың теңге

3 орын — 50 мың теңге

4 орын — 30 мың теңге

5 орын — 20 мың теңге

Қаршыға, ителгі:

1 орын — 30 мың теңге

2 орын — 25 мың теңге

3 орын — 15 мың теңге

А.ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*