«Құсбегілердің Орта Азиялық федерациясы ашылады»

Бұл  жақында Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының (IAF) 45-ші Кеңесінде болып қайтқан «Бүркітші» федерациясының атқарушы директоры Владимир Земблевскийдің сөзі. Бас қосқан Кеңесте халықаралық ұйымға қатысушы елдердің көптігі себебінен қауымдастықтың құрамынана кіретін федерация ашу мәселесі шешілген. Оған Парсы тілдес елдер мен Араб түбегіндегі мемлекеттер, Моңғолия және Орта Азия бірігеді.

20140128_134814

— «Араб елдері құстарды жақсы көреді. Сол себепті, олар Халықаралық Құсбегілер қауымдастығының Катар елінде штаб-пәтерін ашып, қаржыландырып отыр. Осыдан 45 жыл бұрын ашылған ұйымның құрамында 6 мемлекет болған-тұғын. Қазір оның қатарына  64 ел кіреді. Ал біз, қазақ елі осымен 5 жыл бойы аталмыш халықаралық қауымдастықтың толық құқылы мүшесіміз».

20140131_103116

— «Сонымен қатар, шара аясында құс дәрігерлері орнитологтар конференциясы ұйымдастырылды. Шақырушы жақ әлем орнитологтарының басын біріктірді. Негізі, құстар ауруларға өте сезімтал; түрлі кеселдерден жиі өледі. Сондықтан, бұл жиынның маңызы зор болды.

Елімізде 3 жыл бойы Абу Даби қаласындағы тәлімбақта дәрігер болып жұмыс істеген тәжірибелі маман, словак Лацио Моллар лекция оқиды. Отандық құсбегілер, оның ішінде Алматыдағы «Сұңқар» тәлімбағы, одан кейін  студенттердің одан үйренері көп болды».

20140201_191917

— «Еуропада құсбегілік жақсы дамыған. Мәселен, Испанияда 6.5 мың құсбегі бар. Ал Қазақстанның өзінен көп дегенде 100 құсбегіні жинай аламыз. Тағы мысал, Ұлыбританияда Бүкіләлемдік құс аңшылығы мұрасының тресті бар. Олар жылына 300 қыран өсіріп, баптайды. Словакия, Чехия, Венгрия, Германия — бұлардың барлығында бүркіт, ителгі, қырандарды баптайтын кішігірім фермалар бар. Бізге олардан үйренеріміз баршылық.

А.ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*