Қырғызстан «Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарын» ұйымдастырмақ

      Бүгін Астанаға Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Мадұмаров Адахан жұмыс сапарымен келді. Сапар мақсаты — елімізді осы жылдың қыркүйек айында жоспарланып отырған Қырғызстандағы «Көшпенділер ойындарына» қатысуға шақыру. Қырғызстан елінен келген мейман ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агентттігінің басшыларымен кездесіп, І-ші Түркі спорт ойындарын өткізу мәселелерін талқылады.

1

Ұлттық спорт жарыстары Ыстық көл жағасындағы Шолпан ата қаласында 8-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Шараға Қазақстанмен қоса, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қытай Халық Республикасы (ШҰАР), Түркіменстан елдері шақырылған. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Тыва, Хакасия, Татарстан, Башқұрстан, Қарашай-Черкесия, Кабардино-Балкария, Алтай өңірлері қатысады деп күтілуде.

Ойындар бағдарламасына Кок бору, Тогуз коргоол, Кыргыз курошу, Алыш, Оодарыш, Ат чабыш, Жорго салыш, Кунан чабыш, Ордо, Кыз куумай спорт түрлері кіреді. Тыйын эмней, Кулатуу, Салбуурун секілді ұлттық ойындарға да көңіл бөліген.

«Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары» — Олимпиада, Азия және паралимпиада ойындарының баламасы. Спорт әлемінде олимпиада және олимпиадалық емес ойындар дамығаны секілді аталмыш ойындар ұлттық спорттың да дамуына жаңа жол ашпақ. Қырғызстан түбінде Көшпенділер ойындарын Азия ойындарына кіргізуді көздеп отыр.

А.ТЕМІРБЕКҰЛЫ

қырғыз лого

Көшпенділер ойындарының ресми Логотипі

қырғыз флаг

Көшпенділер ойындарының ресми Туы

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*