Аударыспақтан тұңғыш Азия чемпионаты өтеді

Осы мәселе жөнінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында арнайы жиын өтіп, чемпионаттың өтетін орны, уақыты белгіленді. Бұл тұңғыш Азия чемпионаты маусым айының 14 -15 күндері Астанада жалауын көтеретін болды. Жарысқа алыс жақын шетелдерден оннан астам құрама командалар келеді деп жоспарланып отыр.

IMG_1970Жарысқа қатысатын спортшылар 70, 90 және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша күш сынасады. Сонымен қатар бәсекеге түсетін балуандар арасынан  абсолютті чемпион атағы анықталады.

аударыскартинкаЖігітті ептілікке, қырағылыққа тәрбиелейтін ұлттық спорттың деңгейі жаңа бір белеске көтерілгені шындық. Мысалы, қазақ күресінің бүгінгі бет алысы, Көкпардан өткен Азия чемионаты  осының дәлелі.  Бұйырса, аударыспақтан өтетін дүбірлі думанның  куәсі болатын күн де  алыс емес.

                                                                                                                                                                                                                                  Ж.ЕРАЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.