Тараздағы халықаралық конференция

Тараз қаласында сәуірдің 13-14 күндері Ауғаныстан, Түрік, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан елдерінің Ат спортымен айналысып жүрген өкілдерінің қатысуымен Конференция өтті. Мұнда Халықаралық көкпар федерациясын құру, жарыстардың өту формасы және өтетін уақытын белгілеу туралы мәселе талқыланды. Конференцияға қатысушылар Халықаралық көкпар федерациясын құру және осы жылдың қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Ашық Азия чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдады. Халықаралық көкпар федерациясының штаб-пәтері Астана қаласында болатын болды.

Көкпар ойынына ынта қоюшылар жыл сайын артып келеді. Өткен жылы біздің көкпаршыларымыз Түрік елінде, Венгрияда болып, оларға ұлттық ойынымызды тамашалатып қайтты. Шымкент қаласында Қоғам қайраткері А.Асқаровтың атында дәстүрлі халықаралық көкпар ойынына көрші: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай елдерінің командалары қатысып жүр. Енді алдымызда ауқымды жұмыстар мен зор міндеттер тұр.

ҚР ҰСТҚ баспасөз орталығы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*