Жасөспірімдердің ІІ Республикалық чемпионаты

Сәуір айының 16 жұлдызы күні Тараз қаласында жасөспірімдердің ІІ Республикалық чемпионаты мәреге жетті. Бұл чемпионтқа 7 облыстан: Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының командалары келді. Чемпионат ұлттық ат спортының түрлері: көкпар, теңге ілу, аударыспақ, қыз қуудан өтті.

14 сәуір күні Бауыржан Момышұлы атшабарында өткен ІІ чемпионаттың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Бірінші Вице-Президенті Бекболат Тілеухан ашып, қатысушыларды: Жасөспірімдердің ІІ Республикалық чемпионаты мерекесімен құттықтап, спортта, қоғамдық өмірде зор табыстарға жетуге тілектестігін білдірді.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Ауғаныстан, Түрік, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің арнайы келген ұлттық ат спортының өкілдері қатысты.

Бес күнге созылған жарыс қортындысында ең жақсы дайындықпен келіп, тамаша өнер көрсеткен командалар Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары болды.

Спорттың жекелеген түрлері бойынша:

Қыз қуу ойынында І-ші орынды жамбылдық Байқұлақова Салтанат пен Жампоз Серік, ІІ-ші орынды қарағандылық Тунгумбаева Джулиана мен Венцель Сергей, ІІІ-ші орынды шығыс қазақстандық Айтышова Еркеназ бен Оразаев Талант иеленді.

Теңге ілуден І-ші орынды ақтөбелік Башимбаев Алихан, ІІ-ші орынды оңтүстік қазақстандық Мателиев Берік, ІІІ-ші орынды шығыс қазақстандық Баймолдинов Файзолла иеленді.

Аударыспақ ойынында:

40 келі салмақ дәрежесінде: І-ші орынды оңтүстік қазақстандық Пернебек Еламан, ІІ-ші орынды қарағандылық Серікбаев Алмаз , ІІІ-ші орынды шығыс қазақстандық Қанафин Асхат иеленді.

50 келі салмақ дәрежесінде:

І-ші орынды жамбылдық Асылханов Айдос, ІІ-ші орынды ақтөбелік Серғазин Азамат, ІІІ-ші орынды шығыс қазақстандық Абуғалимов Ақжол иеленді.

60 келі салмақ дәрежесінде:

І-ші орынды ақтөбелік Ержанов Шыңғыс, ІІ-ші орынды шығыс қазақстандық Сайлаубеков Жәнібек, ІІІ-ші орынды қарағандылық Қайкен Ерлан иеленді.

70 келі салмақ дәрежесінде:

І-ші орынды оңтүстік қазақстандық Шернияз Бақдәулет, ІІ-ші орынды шығыс қазақстандық Сақтағанов Бағдат, ІІІ-ші орынды ақтөбелік Усенов Серік иеленді.

70-тен жоғары салмақ дәрежесінде:

І-ші орынды шығыс қазазақстандық Масалім Шамсхан, ІІ-ші орынды жамбылдық Сегізбай Абай, ІІІ-ші орынды оңтүстік қазақстандық Сүйіндіков Әлфараби иеленді.

Көкпардан І-ші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының командасы, ІІ-ші орынды Жамбыл облысының, ІІІ-ші орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдатығының Бірінші Вице-Президенті Бекболат Тілеухан Дипломдар және ақшалай қомақты силықтар табыс етті.

ҚР ҰСТҚ Баспасөз орталығы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.