Сүйінші, қазақ баспасөзі тағы бір басылыммен толықты

Оқырманға жол тартқан бұл журнал бұрынғы журналдардан өзгеше.  Тақырыбы тың, идеясы соны.   Қазақтың ұлттық болмысына жарасқан аңшылық өнерінен сыр шертетін, оның қазіргі жағдайын, проблемасын, болашағын көрсететін тұңғыш  журналдың атауы «Қансонар». Журналды шығарушы «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің республикалық қауымдастығы.   

IMG_2030

Журналдың негізгі мақсаты-қазақтың көнеден келе жатқан аңшылық  өнерін заман  талабына сай қалыптастырып,  туризм тұрғысынан пайдалануға күш салу. Саф ауалы әсем табиғатта саятшылық құрып аң аулаудың адамның көңіл-күйіне әсерін, денсаулығына пайдасын ұғындырып, аңшылық мәдениеттің не екнін түсіндіру-журнал алдындағы міндеттердің  бірі. Қырағы қыран бүркіттер, жыртқыш аңдарға тайсалмай шабатын тайыншадай төбеттер мен құстан ұшқыр құмай тазылардың тұқымын жетілдіру үшін істеліп жатқан шаралар жөнінде өзекті материалдар да журнал бетінде үнемі жарияланып тұратын болады.

IMG_2034

Журнал тоқсанына 1 рет, яғни жылына 4  рет қазақ және орыс тілдерінде жарық көрмек.  Ұлттық қырынан болсын, эконамикалық жағынан болсын пайдалы әрі қажет дүниенің дамуына атсалып, басы қасында жүрген О. Әбдікәрімов, Т.Жұртбай, Б.Тілеухан, С.Көшімбаев, Б.Азбаев сынды ел ағалары. Саятшылық, құсбегілік, аңшылыққа қатысты танымдық мағлұматтар  беріп, қазақ даласының ертегідей сұлу табиғатына сапар шектіретін «Қансонар»  ақпараттық- танымдық журналына  жазылыңыз!

IMG_2036

Ж.ЕРАЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*