Дәстүрлі «Дерби-2012»

Көкшетау қаласының іргесіндегі Қызыл жар ауылының атшабарында ең ұшқыр аттарды анықтауға арналған дәстүрлі жылда тамыз айында өтіп жүрген «Дерби -2012» республикалық ашық ат спорты жарысы өті. Тамыздың 11 жұлдызы күні өткен бұл жарысқа: Астана мен Алматы қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ресейдің Омбы, Магнитогорск қалаларының атбегілері сәйгүліктерін әкеліп жарысқа қосты. Барлық жарысқа қатысқан аттар саны — 150. Жарыс бәйгенің 8 түрінен 1600, 2000, 2400 қашықтыққа ұшқыр аттар, одан соң 7 мың метрге құнандар мен осы қашықтыққа жорға аттары, 15 мың метрге тоқ бәйге, ең соңында 25 мың метрге аламан бәйгесі өтті. Бұл күні Қызылжарда күн алапат ысып, тоқ бәйге мен аламан бәйгеге қосылған аттардың көбі мәреге жате алмай қызылмай болып ақ көбіктері атып орта жолда қалып қойып жатты. Тоқ бәйгеде жарысқа қосылған 37 аттан, аламанда 25 аттан мәре сызығынан өтке алған аттар саны 7-8 ден аспады.

Бұл жолғы жарыстың ерекшелігі- аламан бәйгеге Астана қаласынының қақ ортасынан 3 бөлмелі пәтер 1-ші орын алған атқа тігілді. Мұндай қомақты бәйге сирек тігілетіндіктен шабандоздар әп дегеннен атқа аямай-ақ қамшыны басты. Бұл сынақта аттың жүйріктігі мен қатар ыстыққа төзімділігі де сыналғандай болды. Дегенмен, бірінші орын алып 3 бөлмелі пәтерді Шығыс Қазақстан облысынан келген «Сарыарқа» атты құла айғырыдың иесі К.Сүлейменов иеленді. Шабандоз Абзал бұл қашықтықты 36 минут 32 секунтта шауып өтті. Бәйгені тіккен Республикаға танымал кәсіпкер, атақты атбегі Арман Серікұлы Төлеуов болтын. Арман осы жарысты Лондонда өткен XXX Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына арнаған еді. Аламан бәйгесінде, 1 орын алғанға пәтер, одан кейінгілеге жеңіл автокөлік, 300, 150 мың, тоқ бәйге, құнан бәйге мен жорға жарысында 1 орынға жеңіл автокөлік, 2 ші орынға 300 мың, 3-ші орын алғанға 150 мың жүлде тікті. Басқа қашықтықтарға да қомақты жүлделер тігілді, мысалы: ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының жүлдесіне деп жарияланған 1600 метрге шапқан аттардың бәйгесі 750 мың, 375 мың, 175 мың болды. Жүлдені тіккен Павлодар қаласының «Kaz-at» жылқы клубы. Ал 2000 метрге шапқан аттардың жүлдесін 375 мың, 200 мың, 175 мың көлемінде Ақтөбе қаласының «Нұрдәулет» компаниясының директоры Байжарқынов Бекбол тікті. 2400 метр қашықтықа жүлдені Қостанай облыстық Ұлттық ат спорты федерациясы 750 мың, 375 мың, 200мың, 175 мың көлемінде тікті. 2400 метрлік қашықтыққа 3 жасар жылқылар арасындағы «Дерби» жүлдесін Ақмола облысының атбегілер: 2850 мың, 1425 мың, 700мың, 500мың, 225 мың көлемінде тікті. Бұл жарыста жеңімпаздарға арналған силық қомақты болды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*