БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2013 жылдың 21 сәуір күні, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы Астана қаласы маңындағы «Балқарағай» демалыс жайында «НАУРЫЗ» мейрамын атап өтеді.

Мерекенің мақсаты — ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық спортты насихаттау, ұлттық өнердің мәртебесін көтеру. Төл мерекеміз «Наурызды» тойлауды жандандыру.

Наурыз мейрамы барша түркі халқының көнеден келе жатқан мейрамы. Қазақ халқының дәстүрлі мейрамына айналып отырған «Наурыз» мейрамын тойлау бір айға созылып, мереке халықтық сипат алып келеді. Еліміздің әр амағында кеңінен тойланып жатқан «Наурыз» мейрамы халықты достыққа, береке-бірлікке шақырумен қатар салт-дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойына сіңіруге негіз болып отыр. Наурыз мейрамының негізгі көріністерінің бірі – ұлттық спорт ойындары. Төл мереке осы ұлттық спорт түрлерімен ұлттық сипатқа ие. Мерекеде қазақтың ұлттық спорттық ойындары кеңінен көрініс табады. Сол себепті Қауымдастықтың «Наурыз» мерекесін тойлау бағдарламасына қазақ халқының ұлттық ойындары: көкпар тарту, теңге ілу, аударыспақ ойындарынан жарыстар енгізіліп отыр. Мерекеге құсбегілер, бүркітшілер шақырылды. Ежелгі ұлттық ойын асық атудан жарыс өткізіледі. Сонымен қатар елімізге танымал айтыскер ақындардың қатысуымен «Наурыз айтыс» ұйымдастырылады. Келген қонақтарға ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайылады.

Мерекеге «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Президенті Қ. Сатыбалды, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «Нұр Отан» ХДП-ның бірінші орынбасары Б. Бәйбек, «Хабар» АҚ басқармасының төрағасы Айдос Үкібаев, «Қазақстан» телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, тағы да басқа бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар ұйымының басшылары қатысады. Шара «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қолдауымен өткізіледі.

Баспасөз қызметінің байланыс телефондары:

8717 2 42-15-10

8701 227 47 85

8702 222 13 78

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.