Қарқаралы құсбегілерді қарсы алады

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 20-сы мен 24-ші ақпан аралығында ересектер арасында IX-шы құсбегілер жарысы өтеді. Қарағанды облысының Ұлттық спорт мектебі директоры Біржан Тұрсыновтың айтуынша, сайысқа еліміздің 7-8 облысынан 35-ке тарта құсбегілер келеді. «Ақпанның 20-сы құсбегілер Қарқаралыға келіп орналасады. Сол күні алғашқы өтілім де ұйымдастырылмақ», — дейді мектеп директоры. Сайыс бағдарламасында құстың бабы, оның жабдығы, қолға шақырулары сыналып,  кейін кіші құстарды қоянға, бүркіттерді бөріге де салу жоспарланған.

қарқ

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынды

Чемпионаттың ұйымдастырушылары — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы.

Осы тұста айта кететін жайт, Қарағанды өңірі 2006 жылы осы сынды жарыс өткізіп, өткен жылы жазда 7 облыс қатысқан асық ату бойынша ел біріншілігін өткізген болатын.

А.ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*